Қазақстандық режиссер жолы болмайтындар туралы сериал түсіріп жатыр

Қазақстандық режиссер Айдар Еспенбетов жолы болмайтын 30 жастағы жігіттер туралы фильм түсіріп жатыр, олар өз өмірлерін өзгертуге талпынады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне режиссердің өзі айтып берді. "На районе" сериалының басты кейіпкерлері - ішімдікті жанындай жақсы көретін Артем мен оның Өзбек атты досы. Оларға бар дәулетінен айырылған байдың баласы Борис қосылады.

"Олардың әрқайсысы бақытқа қол жеткізгісі келеді. Бірақ жігіттер бақыттың ақшада, тіпті оның көптігінде емесін түсінеді. Атыңды шығарып, беделге ие болуың керек, содан кейін аты-жөнің саған жұмыс істейді. Олар ақшаны жылдам табуды ойлайды, бірақ одан түк шықпайды", - деді ол.

Еспенбетовтің айтуынша, қалжыңға толы хикая өмірлік достардың әңгімесіне негізделген. Оның сөзіне қарағанда, көрермендердің көпшілігі кейіпкерлерге қарап өздерін танығандай болады. Картина 12 сериядан тұрады, әрқайсысының ұзақтығы - 20 минут. Олардың әрбірінде жеке сюжет болады. Ережесіз жекпе-жек эпизодтарын түсіру жоспарланып отыр. Режиссер бұл хикаяны өз қаржысына түсіріп жатыр, қазір оның екі сериясы дайын. Ол алда телеарналармен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.