Түрлі аурудың алдын алатын тағамдар

Барлық жеміс-жидектер мен көкөністердің адам денсаулығына пайдасы зор екенін жақсы білесіздер. Алайда біз бүгін айрықша 10 тағамның түріне тоқталғымыз келіп тұр. Олар түрлі аурудың алдын алып, көңіл-күйіңіздің көтеріңкі жүруіне көмектеседі. Ендеше төмендегі тағамдардың пайдалы тұстарымен таныс болып, өзіңіздің ас мәзіріңізге қосыңыз. 

1. Лимон ағзадағы артық сұйықтықты алып, С тобындағы дәрумендермен толтырады.

2. Сұлы артық салмақтан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар ағзадағы зиянды холестиринді шығарады.

3. Балдыркөк ағзаны микроэлементтермен және сумен толтырып, зат алмасу жолдарын жақсартады.

4. Брюссельдік қырыққабаттың құрамында антиоксиданттар саны өте көп. Ол ағзаны жасартып, арықтауға да әсер етеді.

5. Жанжабіл иммунитетті қатайтып, ағзадағы артық сұйықтықтан арылуға септігін тигізеді.

6. Қызылшада антиоксиданттар көптеп кездеседі. Ол ағзадағы артық суды шығарып, ішектеріңізді тазалап, әлдендіреді.

7. Қырыққабат жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алып, ағзаны әлдендіреді.

8. Баялды салмағыңызды төмендетуге, ағзадағы артық сұйықтықтан құтылуға және күйзеліске қарсы күресуге көмектеседі.

9. Ақжелкен адамды кәріліктен құтқарып, ас қорыту жолдарын жақсартады.

10. Қызанақтарды ағзадағы зиянды заттарды шығару үшін жиі жеген дұрыс. Олар қатерлі ісік және жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.