ҚазҰУ - да "Ең үздік студенттік топ - 2022" байқауы өткізілді

ҚазҰУ - да "Ең үздік студенттік топ - 2022" байқауы өткізілді
жеке
блог

ҚазҰУ сахнасында «Ең үздік студенттік топ -2022»  байқауының III-кезеңі болып өтті

   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Ең үздік студенттік топ -2022»  байқауының III-кезеңі болып өтті. Жаһандық пандемияға байланысты ҚазҰУ сахнасына қайта оралған байқаудың бұл кезеңі тартысты әрі ерекше атмосфераға толы болды. 2012 жылдан бастау алған бұл жобаның негізгі мақсаты – жан-жақты әрі белсенді студенттердің азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, университеттік деңгейдегі үздік студенттік топтарды анықтау, осы бағытта жастарды ынталандыру.

 Ақпан айының 14-28 аралығында әр факультеттің ең үздік топ студенттерінің жетістіктері мен шығармашылықтарын әр факультеттен суырылып шыққан жалынды жастар өзара наурыз айының 11-ші жұлдызында  байқаудың І турында бақ сынасты. Іріктеліп алынған 11 студенттік топ екінші кезеңде «Видеосайыс және портфолио» сайысында арнайы әлеуметтік желіге студенттік топтар өз факультеттерін қызықты бейнероликтер арқылы таныстырып, өздерінің ұйымшылдығын көрсете білді.   Байқаудың алғашқы факультетішілік кезеңіне 11 студенттік топ қатытсып, III-кезеңге 9 студенттік топ іріктеліп алынды. Студенттердің жалпы оқу үлгерімі, ғылыми, мәдени және қоғамдық шаралардағы белсенділігі, өзін-өзі басқарудағы ұйымдастырушылық қабілеттері сыналатын дода IV кезеңмен өткізіледі. Байқаудың III-кезеңінде – студенттік топтар өз өнерлерін көрсетіп, жан-жақтылығы мен айрықша білгірлік қасиеттерін сарапқа салды.

   III- кезеңде бақ сынасқан студенттік топтар:

1)      География және табиғатты пайдалану факультеті «Кадастр» мамандығы

2)      География және табиғатты пайдалану факультеті «Туризм» мамандығы

3)      Ақпараттық технологиялар факультеті «Заттар интернеті және BIG DATA» мамандығы

4)      Химия және химиялық технология факультеті «102K-ХТОВ» мамандығы

5)      Филология факультеті «ҚТӘ-101» мамандығы

6)      Тарих факультеті «Сандық архифтану және құжаттану» мамандығы

7)      Журналистика факультеті «Қоғаммен байланыс» мамандығы

8)      Механика-математика факультеті «Механика» мамандығы

9)      Экономика және Бизнес Жоғары мектебі «Логостика К2» мамандығының студент жастары.

Араға 2 жыл салып ҚазҰУ сахна төріне қайта оралған бұл жоба жоғары деңгейде өткізілді. Студенттік топтар мен олардың жанкүйерлері керемет белсенділік көрсете білді. Жоба ауқымды түрде атап өткізілді. Келген көрермендер мен әділ қазылар алқасының да көңілінен шыққан топтар келесі турға өтті. Атап айтар болсақ,

1)      География және табиғатты пайдалану факультеті «Кадастр» мамандығы

2)      География және табиғатты пайдалану факультеті «Туризм» мамандығы

3)      Ақпараттық технологиялар факультеті «Заттар интернеті және BIG DATA» мамандығы

4)      Химия және химиялық технология факультеті «102K-ХТОВ» мамандығы

5)      Тарих факультеті «Сандық архифтану және құжаттану» мамандығы

6)      Журналистика факультеті «Қоғаммен байланыс» мамандығы

7)      Экономика және Бизнес Жоғары мектебі «Логостика К2» мамандығының студент жастары.

         Тартысқа толы болған додада көзге көрініп, қарсыластыранын оза шапқан 7 студенттік топты келесі кезеңге өтуімен құттықтаймыз.