ҚазҰУ сахнасында «Сұңқар Кубогы»  КВН ойындары өткізілді
жеке
блог

ҚазҰУ сахнасында «Сұңқар Кубогы» КВН ойындары өткізілді

Бүкіл елді жаулаған індетке байланысты тоқтатылған дәстүрлі ойын «Сұңқар Кубогы» КВН ойындары ҚазҰУ сахнасына қайта оралды. Көрермен көзін жаулаған, әзіл сүйер қауымның көңілінен шыққан бұл мега – жобаның Жартылай финалдық кезеңі көктемнің алғашқы күніне жоспарланып, 1 – наурыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткізілді. «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен өткізілетін жобаны тек студенттер мен жастар ғана емес, аға буын өкілдері мен университет оқытушылары да сағынғаны анық.

Бәрімізге белгілі Маусымашар ойындары өте тартысты өткен еді. Маусымашар ойындарына 9 команда қатысып, 7 команда жартылай финалда өз өнерлері мен әзілдерін көрермендерге ұсынды. Жартылай финалда үздік деп танылған топтар финалдық кезеңге жолдама алды. Осы жолғы ойынымыз да өте тартысты өтті деп айта аламыз. Осындай тартысты ойынның тізгінін ұстау Әбділда Дәмір ағамызға бұйырды. 

Сондай – ақ, қазылар алқасында:

-Жастармен жұмыс жөніндегі департамент директоры – Жұлдыз Дәпенқызы

- Bugin Holding» компаниясының директоры, бас демеушіміз – Айбек Қуатбаев

- «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрағасы – Нуридин Бақдәулет Баймаханұлы

-«Қазақстан КВН одағы» Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігі Алматы КВН филиалының директоры, жайдарманшы – Оңдасын Құлымбетов

-Театр актері, әнші, «Маска Шоу» жобасының жеңімпазы – Ерден Жақсыбеков

Жартылай Финал ойындарына үздік деп танылған 7 команда қатысты. Олар: География және табиғатты пайдалану факультеті «Қызық» құрамасы, География және табиғатты пайдалану факультеті  «Миллиард» құрамасы, Механика математика факультеті «Айжан Бердикулова» құрамасы, Механика математика факультеті «Мех-Мат» құрамасы, Экономика және жоғары бизнес мектебі «Штат 71/14» құрамасы, Еркін құрама «Эйфория» құрамасы, Ақпараттық технологиялар факультеті «ІТ» құрамасы.

Жартылай Финал ойыны 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – сәлемдесу, екінші кезең – дыбыстау болды.  Командалар екі кезеңге де жақсы дайындалғандарын көрсете білді. Командалар өздерінің әзілдері мен қағытпа қалжыңдарын ұсынғаннан кейін, әділ – қазылар алқасы әділ шешімдерін шығарды. Әділ – қазылар шешімі бойынша Финалдық кезеңге 5 команда өтті. Олар: География және табиғатты пайдалану факультеті «Қызық» құрамасы, Механика математика факультеті «Мех-Мат» құрамасы, Экономика және жоғары бизнес мектебі «Штат 71/14» құрамасы, Еркін құрама «Эйфория» құрамасы, Ақпараттық технологиялар факультеті «ІТ» құрамасы. Жартылай Финалға қатысқан командаларға алғыс хаттар мен сертификаттар, номинациялар берілді.

Жартылай Финал қорытындысы бойынша, «Креативті шақырту видеосы» номинациясымен Экономика және жоғары бизнес мектебі «Штат 71/14» құрамасы, «Ең үздік жанкүйер» номинациясымен Химия және химиялық технология факультеті, «Үздік ойыншы» номинациясымен География және табиғатты пайдалану факультеті «Қызық» құрамасының ойыншысы Орынбасар Айша марапатталды.

Қызықты додаға қатысқан командалар мен келген көрермендерге осындай керемет атмосфера сыйлаған «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағына алғыс білдіреміз!