Айқанат-болашағымның бастамасы

Айқанат-болашағымның бастамасы
жеке
блог

                                                                                                                                                         Жарқын болашақ,кез-келген мектеп бітіруші түлектер өз болашағының жарқын болғанын қалайды,қиялдарға ерік беріп,сол арманы мен қиялына жету үшін мақсат қояды.Өзі қалаған жарқын болашағына қол жеткізу үшін көп еңбек етіп,талпынады.Осындай талпынысы жоғары балаларға мемлекет тарапынан көптеген көмек көрсетеді.Дегенмен осындай кезеңдерде ауыл балаларына берілетін көмек қорының аз екені білінеді,өзімде ауыл баласы болғандықтан берілетін көмек қорының аз екенін айта аламын.Осы орайда ауыл мектептерінде оқитын балаларға көмек беретін Айқанат олимпиадасы туралы айтқым келеді.

 Айқанат олимпиадасы дегеніміз не? Мен айқанатқа қалай келдім?Айқанаттың ауыл балаларына беретін көмегі қандай?Айқанат-олимпиадасы ауыл мектептерінде оқитын балаларға арналған республикалық бағдарлама.Бала күнімнен шығарма жазып,өлең шығарып,өлең оқуды жақсы көретінмін,өсе келе көптеген мектептік,аудандандық,облыстық жарыстарға қатысып бағымды сынайтынмын,кейде асығым алшысынан түсіп 1-орынды алатынмын,2-3орындарды алған кезде оғанда риза болатынмын,кейде дайындығым жеткіліксіз болып жеңіліп қалатынмын,ең бастысы әрбір жарыстан білмегенімді үйреніп,тәжірибе жинап,жіберген қателіктерімнің орнын толтыратынмын.Әйтседе өз болашағым туралы,жарқын болашаққа қол жеткізу туралы көбіне ойланбадым тек қана ой арқылы ойланған кездерім болды ал іс жүзінде бір қадам болсын жасамадым.Осылай 9-сынып оқып жүрген кезде ұстазым айқанат олимпиадасына қатысуымды сұрады.Шыны керек бастапқы кезде қызығушылығым болмады.Дегенмен ұстазымның айтуымен қатыстым,1-кезеңнен өткенімді естіген кезде қатты қуандым бағым жанып жолым болды деп ойладым.Әйтседе бұл  олимпиада туралы ешнәрсе білмедім,үйге келген кезде сайттардан олимпиада туралы іздестіріп ауыл балаларына беретін мүмкіндігін көрген кезде қайтсемде 3-кезеңге өтіп жеңімпаз атанамын деген мақсат қойдым және сол мақсатқа қол жеткізу үшін көп нәрсені үйреніп дайындығымды күшейттім,ұзақ уақыт бойы дайындалған еңбегім еш кетпей 3-кезеңге өткен едім.Қуанышымда шек болмады.Айқанаттың біз сияқты ауыл балаларына беретін мүмкіндігін айтатын болсам:

     1.Жаңа орта.Кей-кездері өзімізді күнделікті қоршап жатқан ортадан жалығып,өзіңмен бірге асқақ армандарға қол жеткізетін,өзіңе демеу болатын жаңа ортаны іздестіреміз.Менің айқанатта танысқан достарымның барлығы білімге жаны құштар,көмекке әркез дайын,ең бастысы барлығы асқақ арманға қол созып жүрген өзім сияқты дерлік ауыл мектебінде білім алатын оқушылар.

     2.Өзіңді дамыту.Айқанатпен бірге өзіңді басқа салаларда көріп,көптеген қызықты заттарды үйреніп,өзіңді жан-жақты тұрғыда дайындауға болады.Қазіргі кезде ашылып жатқан арнайы ұйымдар біздің білімімізді арттыруға зор үлесін қосуда.

     

    3.Жоғарғы оқу орны.Айқанат қорының арнайы мамандары оқушыларға болашақ мамандығын және ең жақсы білім беретін оқу орнын таңдауға өз көмегін ұсынады.Сонымен қатар оқушылардың грант иегерлері атану үшін қолынан келгенше көмегін береді.

 

    4.Ұлттық біріңғай тестілеу.Әрбір айқанат олимпиадасының 2-кезең жеңімпаздары educon-ның ең үздік ұстаздарымен 2 жыл көлемінде тегін түрде ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалуға мүмкіндік ала алады.

                     

   5.IQHSB-Айқанаттың Бурабай қаласында орналасқан жеке мектебіне жолдама.Заманауи американдық стильде салынған бұл мектепке жолдама алу арқылы 10-11 сыныпта сол жерде тегін білім алуға болады.

 Айқанттың негізгі мақсаты:ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларға өзі қалаған жарқын болашаққа қол жеткізуге көмек беру.Әр баланың қиялына қанат бітіріп,биік белестерді бағындыруға демеу беру.Қазіргі таңда мен айқанатпен бірге арманыма қарай бет алдым.Қымбатты жас дос біз сені айқанат атты үлкен отбасының бір бөлігі болуға шақырамыз!

Қазіргі кезде олимпиада форматы өзгерді, Айқанат олимпиадасы туралы нақты деректерді,қатысу шарттарын мына сілтеме арқылы біле аласыз:https://iqanat.kz/

 

                                                                                        Дайрабай Фариза

                                                                                Қызылорда облысы,Шиелі ауданы