"Берік отбасы-есірткіден алыс"!

"Берік отбасы-есірткіден алыс"!
жеке
блог

 

«Қызылорда ОІІД  ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына»

 

                                                  "Берік отбасы-есірткіден алыс"!

Тақырыпқа сай әңгіме қозғайтын болсақ, отбасының берік болуы қоғамға, тәлім тәрбиеге, салт дәстүрге,тарихи жағдайлардың барлығына қатысты болады.Адам баласының мінезі, ақылы, күш қуаты, қайраты әр түрлі болуы-тәрбиенің түрлі түрлі болуынан. Отбасындағы тәрбиенің жетіспеуінен балалар ұрлыққа, бұзықтыққа, өтірік айтуға, есірткі, темекі, арақ шарапқа әуес болады. Қазақ атам айтпақшы " Ел болам десең, бесігіңді түзе" дейді. Мысалы өзімнің отбасымдағы беріктікті айтар болсам, отағасы екеуміз бес бала тәрбиелеп отырған ата анамыз. Пәлендей керемет отбасы деп көлгірсімей-ақ қояйын, сонда да ауыл арасындағы балаларыма өз дәрежесінде тәлім тәрбие беріп отырған ата анамыз деп ойлаймын. Балаларыма қоғамдағы кейбір келеңсіз жағдайдардан яғни есірткі, темекі, арақ шарап деген қоғамға және отбасын зиянын тигізетін жағдайлардан аулақ болуын айтып отырамыз. Үлкен ұлым Оңғарбай Самал 8-сыныпта оқиды. Ол спортпен айналысқанды ұнатады. Сондықтан валейбол, теннис үйірмесіне қатысады. Екінші ұлым Санжар кикбокске барады. Үшінші ұлымды күреске беруді жоспарлап жүрміз. Қыздарым әлі кішкентай болғандықтан әзірге бала бақша тәрбиесінен тәлім алады."Есіркі-ғасыр дерті"!  деуге болады. Осындай қоғамдық, отбасылық қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деп ойлаймын. Жастарды спортқа, мәдени шараларға тартып, уақыттарын босқа өткізбеу керек екенін түсіндіру керек.Ол үшін отбасында ата- ана, мектепте мұғалімдердің рөлі өте маңызды. Осындай керемет тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын құлатпай, балаларымыздың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ету біздің парызымыз! Қазіргі таңда еліміздегі жастардың көп бөлігі дұрыс иманды жолға түсіп жатыр. Оны біліп те, көріп те жүрмін. Бұл көз қуантарлық жағдай. Ауылымызда Сарқұл  Қожа мешіті бар.Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің де атқарып жатқан еңбектері орасан зор. Олар болашақ жастардың зиян әдеттерден аулақ болуы үшін, өз еліміздің азаматтарының болашағы үшін күні-түні дамылсыз өз жұмыстарын атқаруда. Бұл жөнінде айтып өткеніміз жөн болар.Сөзімді қорытындылай келе  отбасы мүшелерінің арасындағы тығыз байланыс, ажырамас бірлік, бір-біріне деген шынайы қамқорлық пен махаббат, өнегелі тәлім-тәрбие сол жанұяның берік болуына бірден-бір кепіл .Балдарымыз аман боп,бейбітшілік заман болсын дегім келеді.

 

 #ҚЗОПДЕҚҚІҚББАЙҚАУЫНА 

Қазалы ауданы

Жанқожа батыр ауылы

Нағашыбаевтар отбасы