Жарқын елдің шамшырағы – жас маман
жеке
блог

Жарқын елдің шамшырағы – жас маман

Мектеп-тұрағың,

Білім-бұлағың.

Осылардың иесі,

Сенсің- мұғалім.

        Салтанаттың төрінде де,  құрметтің биігінде де, темірқазықтай орны бар ұлы тұлғалар-үркердей ұзтаздар! Тәрбиені де, білімді де беретін, өмірде адам баласы бас иіп құрметтейтін, есімі мен бейнесі жүрек түкпіріндегі сан естеліктердің дарасы болып жадыңда тұратын, жаныңа жақын аяулы жан  ол- мұғалім. Бар өмірі, бар мақсаты балалармен біте қайнасып, араласып кеткен жан ол-ұстаз! 

         Ерте заманнан-ақ ұстаздық ұлы қызмет. Қанша әлемге әйгілі , дүние жүзін мойындатқан беделі биік тұлғаларды алсақ та барлығы дерлік ұстаз алдынан өткені белгілі. Ұстаз жай ғана білім беруші емес, біліммен қоса тәрбиені қатар ұстап, болашақ негізін құраушылар. Жаңа буын жас ұрпақты алдағы өмірге даярлауда ұстаз-шамшырақ қызметін атқарады, Ұстаз-нұр, сәуле, тура жолға бастаушы. Әрбір жанның биіктен көрінуі де, өшіп, қарапайым тірі жан болып қала салуы да ұстаздың қолында, әрбір оқушының жұлдызын жаға білу ұстаздың мойнына артылған үлкен жауапкершілік. Ал ұлы тұлғаны даярлаушы ұстаз еңбек жолын жас маман болып аттары белгілі.

       Энергиясы мол, білігі мен білімі қатар шапқан, потенциалы жоғары маман болашақ мықты-ұстаз болмақ! Ұстаз-өз өмірін бір ғана емес, мыңдаған адамның бақытын сомдап, шыңдауға бағыттаушы, соның болашағының жарқын, нұрлы болуы үшін өзінің ақыл ойыменен, күш жігерін аянбайтын ыстық жүректі мейірбан жандар! Ұстаздар  «ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей» болып, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі шыңдалған жоғары білімді, білікті мамандар. Өйткені, сапалы білім, саналы тәрбие беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Бұл турасында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады»-деген.

      Ұстаз  нағыз шебер. Қуыршақты- балалыққа, Балалықты-даналыққа, кекілдіні-кемеңгерлікке, тентекті-тереңдікке,  еркені-ерлікке сүйрейді. Ізсіз қалу адамзат үшін жан қайғы, — деп жырлаған қазақтай ұлы халықтың ұрпағын тәрбиелеп, артына сансыз шәкірт, мол дарын иелерін ерткен ұстаздардың жолы – ұлы жол ! Мен- бүгінгі жас маман! Болашақ ұлы ұстаз болып, ұлы тұлғалар дайындаушы кемеңгер тұлғаға айналамын. Мен мамандығыммен мақтанамын!

Алдаберген Бисенов атындағы
№38 орта мектептің
биология пәні мұғалімі
Серәлі Ақерке Әскербекқызы