әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Huawei   компаниясы байқауы
жеке
блог

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Huawei компаниясы байқауы

Байқаудың басты мақсаты – орта, арнайы және жоғары оқу орындарының студенттерінің заманауи технологияларды қолдана отырып әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге, қоғам алдында тұрған нақты мәселелерді шешу құралы ретінде инфокоммуникациялық ортаға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған инновациялық бастамаларын қолдау.

Байқау жобаның бас демеушісі – әлемдегі жетекші Huawei компаниясымен бірлесіп өткізіледі.

Байқау үш кезеңнен тұрады

1 кезең – 5-15 қараша аралығында өтінімдерді қабылдау. Конкурсқа қатысқысы келетіндер http://forms.gle/aP4PQaFSV686aQGc6 сілтемесі бойынша ұсынылған жобаның сипаттамасымен өтінімді толтырып, жіберуі керек.

2 кезең – 16-22 қараша аралығында жобаның бейне презентациясы өтеді. Арнайы комиссия тіркелген тізімнен ең өзекті және инновациялық идеяларды таңдайды. 2 кезеңге өткен қатысушылар өтініште көрсетілген электрондық пошта мекен-жайы немесе телефон нөмірі туралы хабарлама алады. Қатысушылар өз жобалары туралы идея мен күтілетін нәтижені егжей-тегжейлі көрсететін бейне презентация жазуы керек.

3 кезең – 23-26 қараша аралығында қорытындылау өтеді.

Бейне материал негізінде байқау комиссиясы 10 финалисті таңдайды. Олар 26 қарашада өтетін ZOOM платформасындағы байқаудың қорытынды отырысында егжей-тегжейлі презентация дайындап, ұсынады және қазылар алқасының мүшелерін өз жобаларының өзектілігіне сендіре алулары керек.

Барлық 10 финалистке Huawei-ден естелік сыйлықтар, ал жеңімпаздарға өз жобаларын іске асыруға грант беріледі (1 орын  1 миллион теңге, 2 және 3 орындар  500 мың теңге).

ҚазҰУ-дың Huawei компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған конкурсы – бұл сіздің идеяңызды ұсынуға, грант иегері болуға және оны жүзеге асыру үшін тәжірибелі мамандардың қолдауына ие болудың тамаша мүмкіндігі!

Байқаудың барысын @kaznu_farabi, @haina_kaznu және @huaweikazakhstan инстаграмм парақшаларынан көруге болады.

www.kaznu.kz




Жұлдызды блогтар