Безгек ауруынан қалай құтыламыз?

Безгек ауруынан қалай құтыламыз?

Безгек – сары масалардың шағуынан туындайтын трансмиссиялық ауру. Оның тропикалық және овалды деген екі түрі бар. Қауіптісі – тропикалық безгек. Дер кезінде емделмесе, өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ауру белгісі бауырдың, көк бауырдың ісуімен, қанның қызыл түйіршіктерінің азаюымен, дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Инкубациялық кезеңі – бір және алты апта (кей де бір жыл). Безгек күнде, күнара, үш-төрт күнде денені құрыстырып, тоңдырып, дірілдетіп, дене қызуы 40 С-қа дейін көтеріледі. Науқас сандырақтайды, денесі сарғаяды. Негізінен, тропикалық аймақтарда кең тараған. Сондықтан осындай аймақтарға туристік сапармен барғанда, мынадай сақтық шараларын ескерген жөн: балақ-жеңі ұзын киім кию, ашық денеге масаға қарсы крем жағу, аэрозоль, инсектицидтер қолдану. Табиғат аясына демалуға барғанда сақтық шараларын ұмытпаған абзал.

сурет: easythai.ru

Е. Қайрахан