Есірткісіз өмір - ғажайып!
жеке
блог

Есірткісіз өмір - ғажайып!

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан

жарияланған байқауға

 

Есірткісіз өмір – ғажайып!

        Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның  еңбекке  әрқашанда  құлшыныспен кіріседі.

         Бабаларымыз “Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал» деген екен. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелердің бірі болып отыр. Адам өмірі арба секілді, қатты жүріп бара жатқан арбаның сені қай жерден тастап кететіні белгісіз. Сондықтан да, есірткінің зардабы қай жерге дейін апарары беймәлім. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз. Есірткі – адам  денсаулығы үшін өте қауіпті.

           Нашақорлық - бүкіл қоғам қасіреті. Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқан «жұқпалы ауру». Бұл «жұқпалы ауруға» біздің Отанымыз -  Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр десек те болады.  Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Себептеріне тоқталып өтер болсақ:

    - Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп бермейді, өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді;

   - Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рахат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады.

Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. 

         Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүние жүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде. Нашақорлық – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.

         Мен – Жас ұланмын! Мен – Қазақстанның болашағымын! Қазақстанның болашағы мына біздер, өсіп келе жатырған жас ұрпақ қолында екенін ұмытпағанымыз жөн. Мақала соңында:

Жігерің бар, талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын .

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып ,

Өмірің бар алда әлі солмайтын, - дей отырып жаман әдеттерден жиреніп, салауатты өмір салтын ұстанып, «Қазақстанның болашағын бірге құрайық!» - дегім  келеді. 

 

Қызылорда обылсы

Жаңақорған ауданы

Қожакент ауылы

№184 негізгі орта мектебі

8 «А» сынып оқушысы

Жолдыбай Назира

  

 #ҚЗОПДЕҚҚІҰбайқауына

@upndpkzo