«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» III Республикалық жас ақындар айтысы өтті

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» III Республикалық жас ақындар айтысы өтті
жеке
блог

Алматы қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы РММИ-де ақындар айтысы өтті.Әр облыстан жас дүлділдер бас қосқан бұл жарыста айтыс аламандары: Серік Қалиев, Аслан Қабылбекұлы, Талант Талғатұлы және де «Айтыс ақындары мен жыршы- термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы» Жүрсін Ерманов сынды ел азаматтары қазылық етіп, жарыс тізгінді айтыскер ақын Шұғайып Сезімхан ұстады. Айтыс соңында жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен жүлделер табысталды.

21 қараша күні Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын қара шаңырақта «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты  III республикалық ақындар айтысы өтті. Өткізіліп отырған шарада әр облыстан жиналған ақындарымызға Жүрсін Ерманов, Серік Қалиев, Рүстем Қайыртайұлы, Аслан Қабылбекұлы сынды ақындарымыз бен айтыстың өтуіне бас демеушілік жасаған мектеп-интернат түлегі «Асылтас» қорының негізін салушы Дулат Тастекеев төрелік жасады. Айтыс соңында жеңімпаздарға жүлделері мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Бас жүлдені Қызылордалық Төлеген Айқын иеленіп, 70000 теңгелік ақшалай сыйлықты Жүрсін Ермановтың өзі табыстады.

         Абай ордасында бұл шарадан басқа да ұлы ақынымызды дәріптеу мақсатында эстафеталар мен журналдар, Абай олимпиадасы да өткізілген.

                                                                                                              Абай атындағы РММИ 

                                                                            10 сынып оқушысы Сәбит Айдана Айтбекқызы