Мен саған есірткі жайлы айтып берейін...

Мен саған есірткі жайлы айтып берейін...
жеке
блог

Байқоңыр қаласы,Қармақшы ауданы

Толекова Динара Бахадировна

01.03.2007 жыл;

Байқоңыр қаласы , Неделин көшесі, 2-үй, 16-пәтер;

+7(777)151 2728,   +7(771)301 3528

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің №273 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6 «В» сынып.


Қызылорда ОПД ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысқа

Мен саған есірткі жайлы айтып берейін...

Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.

Есірткі  Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені олардың да құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.

Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін ,мінез-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратады,нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, ғашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.

Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар   Ұйымының құзырына көшті.

Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардын саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен.

Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:

- ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;

- отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;

- әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;

-ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда

-маскүнем немесе нашақор болуы;

-отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы   түсініспеушіліктің орын алуы;

- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне    көңіл     бөлмеуі,

жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;

- достарының арасында нашақорлардың бар болуы;

-өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;

-алкоголь   мен   есірткіге    қол жеткізудін оңай болуы;

-әлеуметгік-экономикалық жағдайының төмендігі.

13-15 жастағы жасөспірімдер есірткі туралы ересек замандастарынан естіп біледі.

16-18 жасар жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп.

Есірткі қолданатын адамды мына белгілерден анықтауға болады:

• адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;

• терісінде қарайған немесе көгерген ине іздерінің болуы;

• көктамырдың үстінде не айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;

• солғын ұйқылы-ояу болуы немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттарды көп мөлшерде қабылдағанын көрсетеді;

• есірткіден алыстатылған не қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;

• көз қарашығының үлкеюі;

• адамның бос жерге қарап отыруы;

• шприц, сабы темірден жасалған қақпақ, отқа ұстап тұруға арналған сабы артқа қайырылған қасық, т.б. есірткі қабылдауға пайдаланылатын құралдардың болуы;

• нашақорлардың жаргон тілін білуі;

• кісінің белгілі бір уақытта (4-5 сағ. сайын) басқа жерге кетіп қалуы (наша қабылдау үшін);

• өзіне қажетті мұқтаждықтан артық көп ақша жұмсай бастауы;

• бұрын сенімді болған адамның қылмыс жасауы, ұрлық жасап, алдап-арбауы, т.б.;

Ресми мәлімет бойынша Қазақстандағы нашақорлар саны өткен жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға артқан. Бұл алаңдаушылық білдіріп отырған мамандар елде нашақорлар санының артуына әлеуметтік жағдайдың төмендеп кетуі себеп болғанын айтады. Әсіресе, 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер нашақорлыққа бейім болғандықтан осы кезеңде мыңдаған жасөспірім жыл сайын есірткінің жетегінде кетіп жатыр деп ескертеді мамандар.

Статистикаға жүгінсек, аудан бойынша 2012 жылдың соңында есірткіге тәуелді адамдардың наркология бөлімшесіне есепке алынған жалпы саны 73 адам, оның ішінде героинге тәуелдісі 23 адам, 2013 жылы 120 адам, оның ішінде героинге тәуелдісі 51 адам,  үстіміздегі жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткіш 49 адам, оның ішінде героинге тәуелдісі 25 адам.

Есірткімен күресу адамзат ұрпағының бүгінгі таңдағы  көкейтесті басты мәселелерінің бірі екендігі даусыз. Сондықтан онымен күресу, одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы.

 

Толекова Динара Бахадировна

Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы,

                                                №273 орта  мектептің 6 «В» сынып оқушысы