Байкау барысында орындалған мақсаттарым

Байкау барысында орындалған мақсаттарым
жеке
блог
   8 апта бойы массагеттік байқау қатысушыларымен бірге меніңде мақсаттарым орындалды. Оларды пайыздық көрсеткішпен есептейтін болсақ:
1. Шпагат ашу.
Каратэ 2 ай уақыт бойы болмай жүргенді. Тренировканы асыға күтіп жүрдім. Сэнсэйдің тренировкасын және барлық каратист достарымды сағындым. Міне бүгін каратэ қайтадан басталды. Мен осы 2 ай шпагатты ашу үшін көп дайындалдым. Осы мақсатым 90 % орындалды. Ендігі уақыт тренировкада бұл мақсатым 100 % орындалады.
   2. Гитарада ойнау. 
Видеокурстармен бірге сыныптастарым Бекзат және Ерғалиден гитарада ойнауды үйрендім. Бұрын қағысты жақсы білмейтін едім. Ал қазір қағысты да терудіде жақсы білемін. Бұл мақсатым 50 пайызға орындалды.
   3. Ағылшын тіліндегі сөздік қорымды көбейту.
Ағылшын тілін үйрену үшін күнде әр түрлі online сайттардан диктант жаздым, ән тыңдай отырып сөздерін дәптеріме жазып отырдым. Негізі тілді дамытуға арналған ең тиімді мүмкіндік эссе жазу. Өзімнің сүйікті ісім, отбасым, достарымды сипаттаудан бастап эссе жаздым. Жазу барысында сөздік кітаптарды қолданып, жаңа сөздерді үйрендім. Әр сабақ сайын сөздік қорым арта түсті. Менің бұл мақсатым 65 % орындалды.