Алғысым шексіз (Қорытынды блог)

Алғысым шексіз (Қорытынды блог)
жеке
блог

Баршаңызға тағы да жалынды сəле-ем!
Мен асыға күткен кезекті байқау да өз соңына жетті. Осы жылғы қатысуым соңғы рет шығар, себебі келесі жазда ҰБТ деп жүреміз, ал кейін оқушы емес студент атанамыз. Жақсы, көп сөйлемей қорытындыға көшейін)
Осы жазды ҰБТ'ға дайындыққа жəне ағылшын тілін үйренуге арнап, мақсат қойдым.

1) Əдебиет жəне қазақ тілі пəндерінен 80 % мақсатыма жеттім деуге болады, жаныма жақын пəндер болғандықтан аса қиындық та болмады.

2) Орыс тілі жəне тарих пəнінен 60% жеткен шығармын деп ойлаймын. Мен үшін қиын да, оңай да емес пəндер.

3) Математикадан 40% дей аламын, шынымды айтсам бұл пəн - менің осал тұсым. Ең қиын саладай көрінеді.

4) Ал, ағылшын тілін үйренуде 35% жеттім деп ойлаймын. Тіл үйрену мүлде оңай нəрсе емес, сондықтан да өзіме осындай пайыз бердім.

Орташа есеппен 48, 8 %

Осындай байқаудың барына, жоқ тіпті "МАССАГЕТТІҢ" барына қуаныштымын жəне алғысым шексіз! Əр жылы байқаудың жалғасын табуын жəне оқырмандардың бұданда көөөөп болуын тілеймін) "Ғарышта" үш-ақ қыз қалса да, барлығымыз соңына шейін жеткенімізге қуаныштымын. Барлықтарыңызға алдағы өмірде сəттілік жəне жақсылық тілеймін!