Түрік музыканты ерекше музыкалық аспап жасап шығарды

Гёркем Шен есімді түрік музыканты өзі "яйхабар" деп атау берген музыкалық аспабында ойнаған видеоны YouTube видеохостингіндегі жеке арнасында жариялаған. Аталған музыкалық аспап сырт келбетінен ешбір аспапқа ұқсамайды. Дегенмен музыкант аспаптың көмегімен тамаша әуенді шығара алады. 

Аспаптың құрылымы екі цилиндрлі серіппе мен оған тірелген барабандардан тұрады. Серіппеге бағытталған ішектердің беретін дыбысы барабанға дейін жетіп, нәтижеде ерекше көлемді әуенді қалыптастырады екен. Бұған төмендегі видеодан куә бола аласыздар. Әйткенмен де, видео толық әсер бере алмауы да мүмкін.

Музыкант әзірге өз туындысын сатуға қою туралы нақты шешім қабылдай қойған жоқ. Оған өз үйінде түрлі әуендерді шығарумен айналысып жатқандығы жеткілікті болып отыр екен. Сонда да болашақта бар мүмкіндікті жасаудан таймайтынын айтады.