Абайдан ізде асылды  (Байқауға)
жеке
блог

Абайдан ізде асылды (Байқауға)

Абай ақындықтың бір саласын қуып отырмай, сонымен қатар өзінің ақындық өнерін үгітшілік, тәлім-тәрбиелік жұмыстарына жұмсайды.Не айтса да, не жазса да, әлеуметтік өмірінен, халық өмірінен алып жазады. Өлеңнің сөзінің көбі үгіт, насихат, мінез-құлықты түзетуге арналады.Бірнеше өлеңінде мал табу үшін оқымай, білім үшін, ғылым иесі болуға тырысу үшін оқу керек деген көзқарасын айтады. 

... Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге, - дейді.

Данышпан Абайдың бұл пікірі балаларды көп оқып, көп зерттеп,
ерінбей, жалықпай, білім алу 
жолында жан аямай еңбек етуге шақырады. Ғылымның асқар шыңына, адал еңбек пен қиыншылыққа төзімді табандылықпен, өз бетімен ізденіп, кітап оқу, жұмыс істеу арқылы шығуға болатындығын айтады.

"Атаңның баласы болма, адамның баласы бол " деген нақыл, өнеге сөздерінің тәрбиелік маңызы, астары аса күшті. Бұл  сөзін жастарға өсиет ретінде арнаған. Яғни, жастарды халық тілегімен санасып отыруға, барлық ой-жігерін, күш-қуатын халқының қамы үшін жұмсап, соған адал қызметші болуға шақырады.
Сол сияқты Абайдың "адам баласы - бауырың" деген сөзі де,
жеке дарашыл болмай, көпшіл, қоғамшыл, халықпен бірге бол, тағдырың, мақсатың халыққа арналсын, - дегені.
"Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде, ғылым үшін күрестің жолдарын айқын көрсетеді.
Ғылымды тек қана еңбекпен жеңіп алуға болатынын айтады.

Жастарды адамгершілікке үндейді, адам санасындағы кейбір жаман әдеттерді сынап көрсетеді.
Өтірік, өсек, мақтаншақ, бекер мал шашулық ғылымның жауы: ал, талап, еңбек, терең ойлау-адамгершіліктің белгісі екенін ұғындырады. 
...Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек, адам болмас...
Менің бұл нақыл сөзден ұққаным: адам қай іске ден қойып, әрекет етерде тәуекел ету керек. Сонда ғана, көздеген мақсатына жетеді.Әрине, мақсат орындалу үшін талаптану керек - ақ, халықта мынадай мақал бар:
"Талапты ерге нұр жауар",-деген. Ендеше, талап пен мақсат жеткіліксіз, ол үшін еңбек ету керек ,- деп білемін. Еңбек адамды көркейтеді. Біздің еңбегіміз - оқу.Егер біз ерінбей,
жалықпай оқысақ, жақсы білімді, парасатты азамат боламыз.

Ертең-ақ, егеменді елімнің бір кірпіші болып қаландым хақ,-деп қабылдадым.
Жан-жақты жетілген адам толық адам болу үшін, Абайды үйрену керек деп, бар даусыммен әлемге жар саламын.
Ендеше, ұлы ақынның ойлы сөздері біздерге білім, тәрбие берер құралымыз, күллі адам баласының рухани дүниесін байытатын ақыл-сауаты бола бермек.