Соңына дейін барамын! (Байқау)

Соңына дейін барамын! (Байқау)
жеке
блог

Баршаңызға жалынды сəле-е-ем! Қалдарыңызға қалай? Тура үш аптадан соң мектебімізге қайта оралады екенбіз :D
Дəл солай байқаудың да соңына жетіп қалдық.
Уақыт өткен сайын қорытынды да орным төмендеген де, біраз көңіліңді түсіреді екен, əйтсе де өзім үшін жəне "Ғарыштың" намысы үшін соңына дейін баратын боламын жəне мақсатыма жету үшін еңбектене беретін боламын!

Осы аптаны математика мен орыс тіліне арнадым.

1) Математикадан теңдеулер мен арфметикалық прогрессияны жəне тригонометрияны қайталап шықтым. Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығардым.

2) "Neggyboss", "Smart bilim" атты каналдардан математикалық есептерді, өткен сыныптарымды қайталап, есептер шығардым. Youtube нені үйрену керек болса да, өте жақсы көмектеседі.

Ал орыс тілінен лексика, фразелогия жəне фонетика салаларын қайталап шықтым.

Ағылшын тілінде шет қалдырмадым. Бұл тілді үйрену үшін бірнеше керемет сайттарды тауып алдым!

1) http://lingualeo.com/ru – бұл сайт арқылы ағылшын тілін қызықты əрі тиімді тəсілмен үйренуге болады. Грамматиканы жақсарту үшін, сөздерді дұрыс айта алуға жəне жаңа сөздер үйренуге көмектесетін өте жақсы сайт.


2) https://puzzle-english.com/ - бұл сайт видео сабақтарға негізделген, ол тыңдап ағылшын түсінуге үйренуге көмектеседі жəне де әр түрлі деңгейдегі грамматикалық тапсырмалар көп. Ал бұл сөздерді дұрыс жəне қалай қолдануды білу үшін қажет сайт!

Бірақ сайттар орыс тілінде, бірақ үйренем деген адам үшін бұл маңызды емес деп ойлаймын!