Шұғаның белгісі (Байқауға)

Мен бүгін мақсатымның қалай жүзеге асып жатқаны жөнінде блог жазып отырмын. Өткенде Бейімбет Майлиннің "Шұғаның белгісі" атты әңгімелер жинақ кітабын оқып бастаған едім. Бұл жинақта Бейімбет Майлиннің 35 шығармасы кірістірілген. Осы 35 әңгімесін оқып бітірдім. Ең алғашқысы "Шұғаның белгісі" деп аталатын әңгімесі. Осы әңгімеден алған әсеріммен бөліссем деп отырмын.


Әңгіме былай басталады:

"Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді.Ұшпалы сұр бұлттар көшкен керуен сықылды, тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырай нұрын шаша бастады. Әйткенмен солдан соққан салқын жел өзінің өткірлігімен жұқа киімнен ызғарын өткізіп, тоңдырып, сентябрь айының жеткендігін жолаушыға еріксіз ойлатарлық еді. Біз екеу едік".

"Екеу едік"-дегені: Бейімбет Майлин мен Қасым есімді отыз-қырықтардың шамасындағы адам. Екеуі ауылдан шығып, атпен келе жатыр. Бір кезде:

"-Мынау алдымыздағы үлкен көл "Қамысақты" ғой: осының сол жағын ала жүріп ана шаңырқай көрінген Обаның белесінен тура ассақ алдымыздан бір кішкене сүрлеу келеді. Сол сүрлеумен барып Шұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз".-деді Қасым Бейімбетке. Бейімбет әңгімеге қызығып кетіп, былай деді:

"-Шұғаның белгісі дегеніңіз не нәрсе, тау ма?"

Қасым:

"-Жоқ, әшейін, бір обашық"-деді.

Қасым Бейімбетке Шұға жайлы айта бастады:

"Бүгінгі шыққан ауылыңызды "Ерекең" ауылы дейді. Мынау алдымызда көрінген "Қамысақты"
дейтін көліміз. Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... ол да бір дәурен... ия... бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы авгусқа дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де Шұғаның белгісі атанды, бұрын "Тарғыл өгіз сойған" деуші едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су... ол уақытта жердің берекесі қандай. Өзіміздің ел қаншама... оның үстіне ту Сырдан келіп жаппастар да қонады... кейінгі кезде ғана жаппас келуін қойды ғой.Біздің Беркімбай дейтін жақын ағаларымыз болады. Бұрын бай еді, болыстыққа таласамын деумен-ақ малын құртып алды.

Осы күні кедей. Сол Беркімбайдың әкесінің нағашысы - жаппас Есімбек дейтін болды. Өзі бай еді, жаппастың алды деуге боларлық. Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек сол "Өгіз сойғанның" ең шұрайлы жеріне қонушы еді. Өзі де жомарт,  қонақпаз еді. Елге жағымды болып тұрды. Мал мен басы бірдей, құдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы болды - шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды. Шұға десе Шұға". -деді Қасым.

Иә, шыныменде Шұға ақылына көркі сай қыз!! Шұғаны әкесі, қызы он алтыға келгенше күйеуге бермейді. Есімбектің бермеудегі мәнісі, өзі жас кезінде Қали дейтін құрдасымен серт байласқан болса керек: "Бірімізден ұл, бірімізден қыз туса, екеуміз құда болайық"деп. Сол сертін күтеді екен ғой.

Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Шұғаға ғашық болады.Шұға да жігітті сүйеді. Бірақ Шұғаның әкесі кедей жігітті қаламай, Әбдірахманға жала жауып, айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға айрықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды амалсыз босатады. Әбдірахман бостандыққа шығып, Шұғаны көруге келем дегенше, ару жарық дүниемен біржола қош айтысқан екен. Шұға Әбдірахманға хат жазып қалдырған екен. Өзіне жазып қалдырған хатты оқып, Әбдірахман көз-жасы  тоқтамастан жылады. Әңгіме мына жолдармен аяқталады:

"Шұғаның сүйегін бұрынғы ескі қорымдарына қоймақ болып, Есімбек көшін, түйеге теңдеп жөнелді. Келер жыл "Өгіз сойғанның" басына келіп қонған соң ел жиып асын берді. Сонда 
тұрғызған белгі еді ... деп сөзін бітірді.

 Әңгіменің қызығына түскен соң қаракер аты қамшыдан құтылып жолы болып келе жатыр еді.
Бір-екі тебініп шаужайлап қатарласты. Алдымыздағы белеске шыққанда үлкен көлдің аңғары көрініп, құбыла жағында бір обашық мұнарланды.

     -Әне, -деді жолдасым, - әне, Шұғаның белгісі көрінді...  өй, өзі де Шұға десе, Шұға  еді-ау!... - деп 
 қойды ".



Бөлісу: