Батырлар жырының берері не?(Байқау)

     «Сонда Бурыл гуледі,        Табаны   жерге  тимеді»  осы  іспеттес  гиперболалар  жиі  ұшырасатын  халық ауыз әдебиетінің көлемді түрі – Батырлар жыры  екені  бәріне белгілі.  Ауыздан-ауызға  тарап немесе  заманның  заңғар жыршыларынан  бүгінгіге  сарқыт  болған жырдың адам бойына  дарытатын қасиеті қандай?  Батырлар  жырын  оқи  отырып нені  аңғаруға  болады?  Ендеше  оқып көріңіз...

        Батырлар жыры һәм қаһармандық  эпос  кейде  бірсарынды  мазмұнда есте  қалады.  Яғни, табын-табын малы бар бай,байдың балаға  зар болуы,дүниеге  келген  батырдың секунт санап өсуі... Аталған оқиғалар  барлық жырда  кездеседі  демеймін.  Десе де  бір-біріне  ұқсас  келеді.

        «Сардар»  сериясы бойынша  жарық  көрген «Батырлар жыры»  кітабында  «Қарасай Қази», «Қырымның қырық батыры»  сынды  жырлар  жарық көрген.   Әзірге  «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Қамбар батыр», «Арқалық батыр», «Манашыұлы Тұяқбай» жырларын оқып бітірдім.  Бұл жырлардың  бұрын естіген  жырлардан  біршама  айырмашылығы  бар.   Дегенмен, жырдың  нүктесі  елі  үшін  батырдың  құрбан  болуымен  қойылған.  

         Осы  жырлардың  ерек  тұрғаны – «Арқалық  батыр». Бұл  жыр  қара өлең  ұйқасымен жазылған.(әдетте жырлар  шұбыртпалы  ұйқаспен келетін). Тағы  бір  айта  кететіні бірінші  жақта яғни, автор Арқалықтың өзі баяндайды.

        Арқалық -  Әжі бидің  төлеңгіті. Әжі  би малын дүрбіт(қалмақ) айдап  әкетеді. Әжі  би Арқалықты барымтаға  жұмсайды. Арқалық пен Жұбай серігі  қалмаққа ұсталған уақытта  Әжі  би  сөзден тайқып, құтқармайды,Басынан талай  қиындық  көрген екі  батыр қашып шығады.Көп  ұзамай  қайта қолға түсіп,Жұбай мерт болады.Жұбайдың кегін алмақ болған Арқалық  Әжі биге келеді. Әжі би  сөзге  тоқтап,Жұбайдың  құнын төлеуге келісім  береді.Кейін қалмақпен де  бітімге келіп, өз  жұртын алып Алтай,Сауыр арасын мекен қылады.

       Батырлар жырынан не  түюге  болады?

       Ең  алдымен Алланың  құдіреттілігін аңғара  аламыз. Егде  тартқан бәйбішенің сәбилі  болуы  Жаратқанның  жарылқауы.

       Батырдың болмысы. Асқақ рух,тәуекелшілдік, тектілік.

       Батырдың тұлпары. Түрлі  көркемдеуіш сөздер  қосылғанда  тұлпарына  да  сән кіргендей.

       Жанына  ерген   серігінің  өзі  батырға  күш береді.

       Батыр жарының  адалдығы,ақылдылығы,көрегендігі.

       Нені  есте  сақтау  керек?

Жырды  оқу  барысында;

Ата-анасын,

Тұлпарын,

Жарын,

Серіктерін,

Жауын,

Жер-су аттарын,

Жақсылап  есте  сақтау  керек.

 Батырлар  жырын  құлаққа  құйып  өскен баланың болашағы  жаман болмайды. Теуіп кетсе темір емес,өзі үзіліп кететін  жастардың  өскені... Баба алдында ұят болмасын..!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Бөлісу: