Алғашқы  қадам (Байқау)
жеке
блог

Алғашқы қадам (Байқау)

Сәлем, достар! Мақсаттарымды айқындап ала салысымен, бірден ұмтылысымды бастап кеттім. Шыны керек, адам өзгергісі келсе, қиындық дегенің тосқауыл емес екен ғой. Менде де солай болды. Айта кеткенім артық болмас, алдыңғы блогымда қолөнершілікті, көлік жүргізуді үйреніп, білім сынағына түбегейлі дайындаламын дегенді мақсат тұттым. Алғашқы қадам былай басталды.

 ипипи
Ғаламтордан көрген бірқатар шеберлік сағаттарынан кейін қажетті заттарды сатып алдым. Уақыт оздырмай, бірден бастап кеткенді жөн көріп, нәтижесінде 3 сағаттың ары-берісінде асханалық майлықтарды (салфетка) салуға арналған бұйымды тоқыдым. Аса үлкен қиындық туғызған жоқ, бірақ біртүсті болып қалмауы үшін гүл іспетті салған өрнекті келтіру шаршатып-ақ жіберді. Моншақтар тізілген арнайы жіпті қатты тартып отыру керек, саусақтарымның ауырғаны да өтірік емес. Мақсатқа деген құлшыныстың жүрекке орнығып алғанын айтсаңшы, жібермей қойды. Нәтижесі – міне! 

пкер
Әжемнің қызы екенімді айтып едім ғой. Бұл – әжемнен үйренген өнерім. Құрақ құрау үшін ең алдымен бастырма ісін меңгеріп алайын дедім. 

 т т
Сонымен бірге, 1 сағат әдебиет теориясын, 1 сағат 200 тесттік тапсырманы жаттадым. Әлі де жылдамдық қосу керек, меніңше. «Қайталау – білімнің анасы». Кешкі уақытымды қайталау жұмыстарына арнаймын. 

Міне, мақсатқа жетудегі менің алғашқы қадамым расымен-ақ алғашқы нәтижесін берді. Қанаттарыңыз талмасын, достар!