Кітабым - асыл қазынам. (БАЙҚАУ)

         Сәлеметсіздер ме ? Осы аптадағы екінші блогымды асыға күтіп, сонымен қатар маған үлкен қолдау білдіріп жүрген оқырмандарым...
       Бұл жолғы жазбамды жоспарымның 1-ші бөлімі, яғни мен үшін үлкен, бір бөлек əлем - кітаптарға арнағым келіп отыр. Орындалуы тиіс арман-мақсат жолындағы бұл жұмыс мен жоспарлаған бірінші күнінен басталған жоқ. Дегенмен, алға қарай талпынып, екі-үш күндік те жұмыс жүргізе бастадым.
Алдымен, оқуға тиіс кітаптарымның тізімін жасап алдым. Бұл жолы кітаптар қазақ əдебиеті мен тарихы жөнінде мол ақпарат беретін жəне қыз баласы оқуға тиіс кітаптардың тізімі болды. 

Оқуға тиіс 10 кітаптың тізімі:
1 . І. Есенберлин: " Жанталас "
2 . І. Есенберлин: " Қаһар " 
3. Ə. Нұршайықов: "Махаббат қызық мол жылдар "
4. М. Əуезов: " Қорғансыздың күні жəне таңдамалы жинақтар "
5. Т. Айтбайұлы: " Мың бір күн, мың бір түн "
6. С. Мұқанов: "Сұлушаш" 
7. Ғ. Мүсірепов: " Ұлпан "
8. М. Шаханов: " Эверестке шығу "
9. М. Дулатұлы: " Бақытсыз Жамал "
10. Ф. Оңғарсынова: " Шашы ағарған қыз " 


         Осыдан екі апта бұрын Ілияс Есенберлиннің 3 трилогиядан тұратын "Көшпенділер" атты туындысын оқып бастаған болатынмын. Тарихи оқиғалар суреттелетін осы керемет шығарманы аяқтауыма санаулы уақыт қалды. Бойымдағы патриоттық сезім күшейіп, Отанға деген адал махаббатым артты. Қазақ хандығының құрылуынан, Ресей елінің отарлық елі болып, хандық биліктің жойылуынан аяқталатын керемет туынды. Егер осы көлемді шығарманы оқымаған болсаңыз, оқуға кеңес беретін едім! Алдағы уақытта оқылған кітаптарым жайлы мəліметтер беріп отырамын.



Бөлісу: