...Жігерлен, сілкін, ғаріп бас. Ғұмырың желдей зытады...
жеке
блог

...Жігерлен, сілкін, ғаріп бас. Ғұмырың желдей зытады...

 Жаз мезгілі - демалыс мезгілі. Өмірде алға қойған ұлы мақсаттарымызға жету үшін әрдайым тынбай еңбек ету қажет. Мейлі демалыс болса да, мейлі жаз мезгілі болса да. Мен алға қойған мақсаттарыма Массагетпен бірге жетуге шешім қабылдадым.

  Мен дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ- ге дайындалу барысында, дайындығымды 6-сыныптың ежелгі дүние жүзі тарихы кітабынан бастадым. Ол кітаптан күнделікті бір немесе екі тақырыпты оқып, керекті мағлұматтарды дәптеріме жазып отырдым. Ал жалпы түсінгенімді анама немесе ағама мазмұндап айтып беріп, олармен ой бөлістім. Тақырыпты аяқтағаннан кейін тақырыптық тест орындап отырамын деп шештім әзірге жетістіктерімді үздік деп бағалаймын. Негізі менің таңдау пәнім тек ағылшын тілі болатын. кейін екі таңдау пәндік жүйеге өткеннен кейін мавмандығыма байланысты дүние жүзі итарихы пәнін таңдадым. Бастапқыда бұл пәнге қызығушылығым басым бола қоймады. Сондықтан да тестке дайындықты кеш бастадым. Бірақ, дайындықтың бірінші-екінші күндері-ақ дүние жүзі тарихы пәні ұнай бастады. 

 Ал екінші бір мақсаьым Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірімен және шығармашылығымен танысу, зерттеу болатын. Түрлі кітаптар мен әлеуметтік желілер арқылы Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірімен тереңірек танысу үстіндемін. Негізі мектеп қабырғасында жүрген кезде бабамыздың біраз хикметтерін жаттап алған болатынмын. Енді сол жұмысымды жалғастырып 70 хикметті осы жазда жаттауды да мақсат етіп отырмын. Бабамыздың хикметтері адамды ізгілік пен имандылыққа баулитын, оқыған жанды рухани байыта алатын ерекше шығармалар. Ол хикметтерден өзіме ерекше ұнаған бөлшектерін жазып алып, сөз арасында қолданғанды ерекше ұнатамын.
  Бұл алға қойған мақсатым өте ерекше. Оған деген ынтам да дәл солай. Мен бұл мақсатыма сіздермен және Аршалық достарыммен бірге жететініме, жетекшімнің қолдауымен бірге жететініме сенімдімін!
                                       Баршамызға сәттілік серік болсын!!!