Жапон 3D-принтерден қару шығарғаны үшін екі жылға сотталды

Жапония азаматы 3D-принтердің көмегімен суық қару жасауға тырысқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл 3D-принтердің себебінен болған тұңғыш әкімшілік жазалау процесі, – деп хабарлайды JapanToday.

28 жастағы Йошитомо Имура үй жағдайында екі тапаншаны жасау барысын толық видеоға түсіріп, сайтқа жариялаған.

Соттың берген мәлімдемесіне орай, жасалынған заңсыз қару үшін бұдан да ауыр жазаға тартуғаболады. Дегенмен, мынадай жағдайдың алғаш рет болып отырғанын ескеріп, оны екі жылға ғана абақтыға отырғызған.


Шонан Технология Институтының бұрынғы маманы Имура өз біліктілігі арқасында функционалды қару жасап шыққан. Жас маманның қорғаушысы қарамағындағы кісінің осы тектес әрекеттерге заңмен қатаң тыйым салынғаны туралы білмегенін алға тартады. Себебі, әзірге заңда ондай жағдай қарастырылмаған екен. Дегенмен, сот бұл арызды қабылдамады.

3D-принтер технологиясының жылдам дамуы күрделі физикалық нысандарды салыстырмалы арзан шикізаттардың көмегімен жасап шығаруға мүмкіндік беретіні әлемдегі көптеген елдерде проблема тудырып отыр. Мысалы, 3D-принтердің көмегімен жасалынған тапанша немесе кез келген қауіпті қаруды әуежайдағы сканерлер секілді қарапайым қауіпсіздікті қаматамасыз ететін аппараттар тани алмай қалады екен.

Осыдан бір жыл бұрын Defense Distributed компаниясы ғаламторға қарапайым тапаншаны полимерді пластмассадан жасалу жолын шығарып жіберген болатын. Жалпы, қолмен құрастырылған тапаншаларға қатысты дау сол кезден бастау алды. Осыған орай, өткен жылы АҚШ-та сырты металдан болмаған қаруды тұтынуға болмайтындығы туралы заң шығарылды.

Жапонияда қылмыстық әрекеттердің сандық көрсеткіші өте төмен болса да, қару ұстауға мүлде шек қойылған. Сондықтан болар, қолдан жасалған тапанша үшін Имура мырза енді екі жыл темір тордың артында өмір сүретін болады.

Сурет: www.techtimes.com