Microsoft бірнеше аптадан кейін өзінің смарт сағаттарын таныстырады

Microsoft бірнеше аптадан кейін өзінің смарт сағаттарын таныстырады

Смарт сағаттар қазіргі гаджеттер арасында трентке айналғаннан кейін, бүкіл электроника өндірушілері смарт сағат өндірісіне көше бастады. Оның алғашқыларын Samsung компаниясы бастаған болса, Apple корпорациясы да көштен қалмауды жөн көріп, осы жылы сағаттарын көрмеге қойып үлгерді. Енді Microsoft компаниясы да өзінің смарт сағттарын шығаруды көздеп отыр.

Аталған компанияның бұл салаға ауыса бастауы туралы ресми болмаса да ғаламторда ақпараттар шыққан болатын. Дегенмен, расталған ақпаратты бірінші болып Reuters хабарлады.

Ендеше оның таныстырылу уақыты қашан болмақ? Әзірге осы тектес ақпараттарды беруге компания асықпай тұр. Бірақ бұл бірнеше аптаның көлемінде жалпы көрілімге шығатыны ғана бізге белгілі.

Құрастырушылар қолға тағатын электрониканың қандай артықшылықтарымен таң қалдыруды жоспарлап отыр? Ол әрине фитнеске бейімделген болуы мүмкін. Айта кетсек, 1,5-дюймді экранға ие аппаратта 11 түрлі тетік бар. Олар тұтынушының басқан адымдарын, жоғалтқан калориясын, жүрек соғысының жиілігін және де басқа адамның параметрлерін анықтайтын болады.

Бірақ жаңа гаджет смартфонға қосылмайтын болса, ол мүлде жарамсыз күйге айналады. Сондай-ақ, құрастырушылар смарт сағатты тек Windows Phone платформасындағы смартфондарға қосыла алу мүмкіндігінен бас тартқаны да белгілі болды. Себебі осындай шектеу қоятын болса, компанияның өнімі өзінің сатылым деңгейін көтере алмайтын болады. Ендеше iOS пен Android фанаттарының да аталған Microsoft өнімін қолдануына мүмкіндігі бар.

Смарт сағаттың қуат жинақтағышы туралы еш ақпарат жоқ. Дегенмен Reuters ақпарат желісінің хабарлауынша, тұтынушы өз сағатын қуатқа қоспай екі күн көлемінде қолдана алатын болады.

Сурет: www.reuters.com

Ж. Өрісбай