Басты мақсат

  Сәлем Массагеттік дарынды достарым! Мақсат-жетістік бастауы. Мақсатқа жету үшін талмай еңбек ету қажет. Еріншектік деген дұшпаннан құтылу ол мақсатымызға деген алғашқы қадамымыз болады. Жаз маусымында уақытты тиімді пайдалану мақсатында "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауына қатыстым. Осы жазда да алдыма бірнеше мақсат қойып отырмын. Сол мақсатқа жету жолындағы әрбір қадамымды сіздермен бөлісіп отыратын боламые.
  1. Ағылшын тілінде сөздік қорымды дамыту. Болашақта ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғым келеді. Мұғалім бүкіл оқушыға жақсы білім беруі үшін өз мамандығының шебері болуы қажет. Сондықтан сөздік қорымды дамыту ең алғашқы мақсатым.
2. Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі мен шығармаларын зерттеу.
3. ҰБТ-ге дайындық. Енді екі айдан кейін жас түлек, он бірінші сынып боламын. Сондықтан жазда ҰБТ-ге дайындалуға жоспар құру ол қалыпты деп білемін.
4. Ас әзірлеу. Әрбір қыз баласы дәмді тағам дайындай білуі қажет. Сондықтан, өткен жылы да, осы жылы да ас әзірлеуді мақсат етіп отырмын.
Енді бұл мақсаттарыма жету жолында жеке-жеке құрған жоспарым бар. Жұмыс барысында ол жоспарлармен де бөлісетін боламын. Ал қатысушы достарым барлығымызға СӘТТІЛІК!



Бөлісу: