Нақты қадамдар жеңіске жетелейді.

           Бәріңізге кеш жарық! Мен "Кемеңгер" тобының мүшесі-Әселмін. Алдыңғы жазған блогтарымда өмірлік ұстанымым мен мақсаттарым жайында жалпы шолу жасаған едім. Енді толығырақ...

 

          Бұл байқауға қатысуыма себеп болған қырандай самғау үшін, тауықтармен дос болмайтын, әдебиеттің жанашыры, «Дулаттанушы»   Көркем Жұмаханова. Көркеш, сен болмасаң  керемет байқаудан қапы қалатын едім. Саған үлкен алғыс білдіремін!

 

         Неліктен Әсел Асанованың жетекшілік ететін тобын таңдадым. Мен Массагет сайтына тіркелгелі Әсел апайымды өзіме жақын тарттым. Менің болашақ жоғарғы оқу орнымды тәмәмдаған Әсел апай екеуміздің аттас болуымыз да бала көңіліме қуаныш сыйлап еді. Массагетке қалай келгені туралы кезекті блогын оқыдым да "бітті, менде болашақта Массагетке жұмысқа тұрамын" деп түнімен жоспар құрып едім. Алайда көп тілді меңгергім келетін арманым журналистикадан асып кетті. Дегенмен, мен әрдайым Массагетпен бірге болып, бос уақытымды осы жерде тапқан достарыммен өткізетін боламын.

 

 Енді алға қойып отырған мақсаттарымды тізбектеп кетейін:

 

          1. Кемеңгер тобындағы қыздардың тіл үйренуге деген қызығушылықтары мол екенін байқадым. Әсте, менің де ең үлкен мақсатым осы.

 -сөздік қорды кеңейту;

 -грамматиканы толық меңгеру;

 -Ромое мен Джулетта трагедиясының ағылшынша нұсқасын ана тілімде оқып отырғандай , түсініп, сезініп оқып шығу;

 -ағышынша ән жаттау;

 Бұл тіл үйренудің негізгі жоспары.

 

          2. Бұдан бұрын Әзілхан Нұршайыховтың "Маххабат қызық мол жылдар" атты кітабына талдау жасап блог жариялаған едім. Әбдіжамал Нұрейісов"Қан мен тер", Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша", Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз" . Жетекшімнің ұсынған кітаптарын екі айда оқып, сіздермен алған әсеріммен бөлісетін боламын.

 

           3. Әкем мен ағам неше түрлі аспаптарда ойнайды. Үйде пианино, домбыра , гитара аспаптары бар. Әлі күнге дейін пианинода еркін ойнай алмадым. Осы байқау аясында бір әуенді толық, еркін орындап шығамын деп алдыма мақсат қойдым.

 

           4. Мен әуесқой фотографпын. Жақында "EXPO-2017" көрмесін тамашалауға барып қайттым. Алған әсерім ерекше. Суретке түсіріп жүрудіде ұмытпадым. Алдағы күндері суреттерімді өңдеп бір фоторепортаж дайындасам деймін.

 

          5.Өлең шығаратын қасиетім бар. Сөздік қорымды кеңейтіп, Марғұлан аға секілді көңілге ой салатындай өлең жазып шығу ойымда бар.

 

         6. Жетекшіміз Әсел Асанова төте жазу жолдарын үйретемін деп уәде берді. Менде қызығушылық танытып отырмын.

        7.Ақпаратқа қаныққан адам, әлемді билейді. 10 жыл бойы алған білімімді кеңейтіп, пысықтаймын. Ең алдымен қазақстан тарихы пәнінен, одан соң математикалық сауаттылық бойынша дайындығымды жалғастырамын.

 

        8. Менің ең сүйікті актерім- Джонни Депп. Бүгінге дейін оның әр көзқарасынан нағыз талантты байқаймын. Қанша образ сомдады?! Бірақ, әр образы мен үшін ерекше. Сыныптастарым "Ол кім? Қайда туған? Қай кинода ойнайды?" деп жиі сұрайды. Сондықтан Джонни Депп туралы толық ақпарат берерлік блог жазып, әлеуметтік желілерде бөлісемін.

      9.Волейбол- ең әдемі, топтық ойын. Бұл ойынды өзіне және командасына сенетін адамдар ғана ойнай алады. Волейбол ойнап жүргеніме 4-жылдан аса уақыт өтті. Талай белесті бағындырып, шыңдалып келеміз. Алдағы уақытта қыздармен жаттығулар жасап, чемпиондық атақты қорғап қалуға барымызды саламын.

         Міне, алдағы уақытта осы бағытта жұмыстанатын боламын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Мақсаттарыңа Массагетпен бірге жетіңдер!



Бөлісу: