Соңғы түйін! "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!"
жеке
блог

Соңғы түйін! "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!"

Сәлем "Массагеттіктер" !

Мен бүгін өзімнің "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" атты байқаудағы жеткен жетістіктеріме тоқталатын боламын! 

Мен бұл байқау арқылы өзіме нені ала білдім?!

Байқау маған ең бірінші шыдамдылықты үйретті, себебі біз байқауға қатысқанда 35 едік,содан міне 15 қалыппыз...

Мен өзіме жетіспейтін көп нәрселерді ұғындым, мен әр блогқа өзімді жақсы жағынан көрсету үшін емес, әрдайым өзіме жетіспейтін нәрселерді ғана жазып отырдым. Сол үшін де жұрттан ерекшеленгенім шығар... Әсел әпке айтқандай...

Мен өзімнің әр блогым сайын әр түрлі ойларды қамтыдым, ағайымыз еркін тақырып берген кезде кітаптар туралы ойыммен бөлістім. Кейде осы байқауға не жазарымды білмей, сабақ туралы қорқынышты видео да салып үлгердім!

Сынды да есіттім, мақтауды да есіттім. Ең бастысы осылар ғой!

Өзімнің қорытынды блогымда "Сәйгүлік" туралы қорытып кетсем...

Ернар ағай- біздің супермен. Бұлай жазғаным үшін ренжімейсіз деп ойлаймын! Әрдайым бізге көмек бердіңіз. Мақсатымызға жетуде анық бағдар нұсқадыңыз. Сіздей ағайымның болғанын мақтан етемін! 

Біздің топтан Үкілай мен Жанерке

Үкілайдың әр блогы ерекше. Ол әрдайым бірінші болғысы келеді. Кемеңгер тобы алғашқыда тұрып, біздің топтың қатысушылары ештеңе жарияламаған кезде ол "Біздің Кемеңгерлерден қай жеріміз кем?!" дегені есімде қалыпты.

Жанерке біздің еркеміз. Блогтары да ерке ерке қыздың. Ол жарысқанды жақсы көреді. Сіңілімдей болып кеткен Жанеркенің ақылы мол.

Біз топта небары 3 қыз ғана қалдық. Бірақ сол 3 қыздың блогтарын қарасаңыздар,не керектің бәрін табасыздар! 

"Массагет ұжымы" сіздерге айтар алғысым шексіз! Ернар аға, Әсел әпке, Гүлжанар әпке сіздер ең керемет жансыздар!

Сау болыңыздар!