Ең үздік бес роман
жеке
блог

Ең үздік бес роман

  Өмір құбылыстарын, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылып, құрылымы күрделі болып, лириканы да драманы да ішіне еркін сиғызып жіберіп, оқиғалар жүйесі, сюжетті тілі, әр түрлі адамның өзіндік сипаттағы образдары көбірек қамтылып келген бұл шығармаларды әрине "роман" деп атаймыз. Роман да адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы қоғамның қилы бұралаңын бейнелейді. "Ұлы әңгіме өңшең үлкен оқиғалардан болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады, оны жазушы көркем сөздің әуезі, толғау, айтыс – барша түрін жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға шеберлік керек." деп, Ахмет Байтұрсынов атамыз атап көрсеткен. Иә, бұл сөздер романға бағытталып айтылған. Яки, роман жайында. Роман атауына "ұлы әңгіме" деген титул берген екен Ахмет атамыз. Қазақ әдебиеті болсын, әлем әдебиеті болсын, солардың ішіндегі оқымағандығымыз көп. Алда әлі оқуға тиісті миллиартаған, жоқ, санауға келмес соншалықты беттер бар. Әлемдегі барша кітаптарды 100 % деп алар болсақ, біздің арманымыз 0 %-ға жету болатын шығар. Неге? Әлемде не көп? Кітап көп... Бірақ, оны оқитын уақыт аз.

Қазақ романдарының ішінде мен оқығандар ішінен менің туысыма айналып үлгерген романдар кенде емес.

                                      

 Менің бастағы флешкамда"Ақиқат пен аңыз" елеулі орын алады. Себебі, мұнда мен жақсы көретін екі жазушы, екі батыр сұхбаттасады. Әрі, Баукеңе мен қойғым келетін сұрақтарға жауаптар бар. Көңілге бекітіп, көкейге түйетін сәтті детальдар көп. Бір сөзбен айтар болсақ, бір-екі күннің ішінде "Бауыржантану" курсын тәмәмдаған сыңайлы боласың. Роман-диалог түріндегі бұл көлемді шығарма Абайдың мынадай сөздерімен өз шымылдығын ашады.

"Сүйер ұлың болса, сен сүй

  Сүйенерге жарар ол."

Баукеңнің мінезі тым қатал, тым жақсы. Ер-азаматтар осы Баукеңе еліктесін дегім келеді. Бұл кітапты оқып аяқтаған соң, тағы жалғасы.., тағы сұрақтар...деп қынжыласың. Күлкілі оқиғалармен қатар, рухты сезімдер, өмір сабақтары, жорық саяхаттары, әдеби орта, бәрі қамтылған мұнда. Сіздер Баукеңнің С.Асфендияровпен кездесіп, медуниверге түскенін білесіз бе?! Бір қызығы, морк дейміз ғой, Баукең соған ел қатарлы кірген кезде, жаны түршігіп ақ халатын тастай салып, дым деместен атып шығып, алды-артына қайта келместей боп қашады. Кейін, О. Жандосовпен кездесіп... ары қарай кітаптан оқыңыздаршы, дееп қызықтырып қояйын сіздерді. Оқығаннан көкейімде қалған бір оқиғаны бандайын.

"Бауыржан Момышұлына радиодан магнитофонын арқалап тілші келеді. – Әй, сен кімсің? – дейді Бауке оны көрген бойда. – Радиожурналистпін, ағай. Сізбен сөйлесейін деп келіп едім. – Өзің әйелмісің, еркекпісің, мен соныңды айт деп тұрмын саған. – Еркекпін, ағай. – Круугом! – дейді Баукең оған ежірейіп. Сасқан жігіт ұршықтай айналып кейін бұрылып, есікке қарап тұрады. – Сен еркек болсаң, онда шашыңды еркекше алдырып кел. Марш!... Осыны естігіен Әзекең де Баукеңе баруға жүрексінеді. Бірақ, бұлардың әңгімесі ерекше.

                              

  • #Менің сүйікті романым05
  • #оқырман
  • #кітапқұмар
  • #романдар
  • #Ақмарал КАНАЛ