Шегінбе артқа! Тек қана алға Массагет!
жеке
блог

Шегінбе артқа! Тек қана алға Массагет!

Әне-міне дегенше, Массагет сайтына 5 жыл да толып үлгеріпті. Осы уақыттың ішінде Массагет небір жетістіктерге жетті. Өзім Массагет оқырманы болып жүргеніме 3 жылдай болды. Күн сайын осы сайтқа кіріп, жаңалықтарын көріп тұрамын. Осындай пайдалы, қызықты, әрі қазақша сайттың болғанына қатты қуанамын. Мен Массагеттің 5 жылдығына орай кішігірім өлең жазған едім. Өлеңді оқып, бағасын беріңіздер =)

Әр күн сайын жаңалықтар, ақпараттар артуда,

Оны біздің Массагетте халқымызға жеткізет.

Сол үшін де күнде-күнде Массагет дамып баруда,

Өзі сондай таңғажайып, ақпаратты көп білет

 

Әр күн сайын тұра сала Массагетке кіремін,

Көптеген жаңа ақпаратты қызығып та көремін.

Көрген сәтте таңқалып та, мұқият қарап отырып,

Әлемдегі жаңалықты , бәрін-бәрін білемін.

 

Массагеттегі байқауға қатысып та жаттым мен,

Сол байқауда біраз жаңа достарымды таптым мен.

Мақсаттарға жетуіме тырысып әрі талпынып,

Массагетке үлкен-үлкен рахметімді айттым мен.

 

Бұл сайттағы әр мәлімет өздігімен жұмбақ қой,

Таңқалдырад, қызықтырад, көргің келе береді.

Жаңалықты біліп отыру бәрімізге міндет қой,

Жаңалықты көп білгенің артық етпес дегені...

 

Міне, 5 жыл толыпты ғой қазақтың нағыз сайтына,

Аз уақыттың ішінде айналды халық досына.

Әрі қарай дами бер де, көркейе бер Массагет!

Белеске жетіп, қызмет ет мәңгілік өз халқыңа!