Бақыт құшағында #2

Бақыт құшағында #2
жеке
блог

 Бұл жолы тағы да қиялыма ерік беріп, "Бақыт құшағында" əңгімесінің жалғасын жазбақпын. 

 Осы кештен соң арада алты ай өтті. 

 Түн ортасы. Арман жолда көлік жүргізіп келе жатты. Бір шаруаларын тындыру үшін іс-сапарға кетіп еді. Енді он күн бойы көрмеген жары мен егіз ұлдарына асығып, үйге қайтып келеді. 

 Қап, ұйқы қысып, маужырап отыр. Айтып-айтпай не керек, жол апатының бір себебі осы емес пе?! 

 Əне, көзі ілініп кетті. Осыдан соң қарсы бетте келе жатқан жүк көлігіне соғысты. Арманның көлігі мыжылып кетіп, сау-тамтығы қалмаған. 

 Арман жан сақтау бөлімінде. Оның жағдайын естіп, Ақжан ес-түсін жоғалтып, ақылынан адасардай ауруханаға асыға жетті. Арманға келіп, ессіз жатқан жұбайының қолынан ұстап, солқылдай жылады. 

 - Арман, ояншы, Арман... Арман, сөйлеші... Көзіңді ашшы, Арман... Арман...

 - Сабыр сақтаңыз, оны мазалауға болмайды, - деп бір медбике оны сыртқа алып кетті. 

 Аздаған уақыттан соң Арман жазылып келе жатты. Бір өкініштісі, оның екі аяғы да жансыз қалған еді. 

 - Мен саған масыл болмайын. Мені жайыма қалдырыңдар, - деді Арман Ақжанға. - Сендердің мен үшін қиналғандарыңды қаламаймын, ажырасайық, -деді тұнжырай. Ақжан оған :

 - Не? Бізге мүгедек болып қалған адам біз үшін адам емес деп кім айтты? Оны бізге керек емес деп кім айтты, тастап кетеді деген кім? Отағасы, сенбізге қандай болсаң да керексің. Біздің басшымыз сенсің. Сенен басқа ешкім де бізге иелік ете алмайды, - депАқжан оны құшты. 

 Осылай арада тағы да алты ай өтті. Бұл кезде Ақжанның туған күніне бір күн қалып еді. Осы күнге дейінгіжұбайының дем беруімен, қолдауымен рухтанған Арман оған тағы да ерекше тосын сый жасамақ болды. Бұл сыйлық, тіпті, Ақжанды жылататындай еді. Қуаныштан, əрине! 

 Бойына баркүш-жігерін жинап, сақырлаған арбадан тұрып, оны кері қарай итеріп жіберді де, орнынан жəй адымдап, ас үйде ас қамымен жүрген Ақжанға келіп, білдірместен оны артынан қапсыра құшақтай алды. Бастапқыда қатты қорыққан Ақжан айғайлап жіберді. "Екінші қабатта арбада отырған Арман мұнда қалай келуі мүмкін? Демек, бұл - басқа біреу. "- деп ойлады Ақжан. Дегенмен, керісінше еді. Арманның бұлай тұрғанын көргенде, оның қалай қуанғанын жеткізу мүмкін емес еді. Осылай бұл отбасының қуанышы басталып кетті. 

 Ертеңіне Ақжанның туған күні өткен жылғыдан да керемет өтті. Бұл күні, тіпті, Бауыржан мен Исламхан даəн салып, би биледі. Бұл да олар үшін ерекше жағдай еді. 

 Болашақтың жарқын боларына сеніммен қараңыздар!