Талап жетістік тұғырына жеткізеді

Ар ма, ағайын?!

Бүгінгі блогым тағы да кітапқа қатысты. Бұл жазбамда қазақ əдебиетіндегі романдар мен америкалық романдардың айырмашылығын жазбақпын.

1. Қазақ əдебиетінде романдар əр түрлі тақырыпта жазылады.

Америкалық романдар көбіне шытырман оқиғалар мен детективтік жанрда жазылады.

2. Қазақ романдарында табиғатты ұзақ суреттейді.

Америка романдарында табиғатты суреттеу сирек кездеседі.

3. Қазақ романдарында жағымсыз кейіпкерлердің мінезі теріс.

Америка романдарында жағымсыз кейіпкер қаскөй немесе қарақшы болып табылады.

4. Қазақ романдарында қыздарды жақсы жағынан көрсетеді.

Америка романдарында қыздарды көбіне жеңілтек етіп суреттейді.

5. Америка романдарында міндетті түрде ішімдік пен шылым атаулары жиі кездеседі.

6. Қазақ романдарында кедейлер өмірі, əйел теңсіздігі, абақтыдағы өмір жəне озбырлық жайында баяндалады.

Америка романдарында полицейлер, қылмыс, қылмыскерлер, қару және əйелдер мен ерлер арасындағы қарым-қатынас туралы жазылады.



Бөлісу: