Білімнен жақсырақ қазына болмас, Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас.(байқау)
жеке
блог

Білімнен жақсырақ қазына болмас, Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас.(байқау)

Білім..Сарқылмас қазына.Мықты ойлау мен дұрыс әрекет жасаудың қайнар көзі." Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн – сіз ушін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз."деп Станиславский. текке айтпаған.Білім-болашағымыздың бастауы.Еліміздің ертеңі осы білімді жастар емес пе? Болашағым түзу,жарқын болсын десеңіз ертеңімізді ойлауымыз керек.Мен енді 9-шы сыныпқа қадам басқалы отырмын.Әне-міне дегенше оқу аяғына таман ОЖСБ сынағы тап келетіні анық.Мен ОЖСБ сынағына дайындығымды бастап та кеттім.Әуелі кітаптарымның патшасы-математика деп түсінетін мен математика пәнінен дайындалдым.Одан кейін қазақ тілі,қазақстан тарихы,география,дүние жүзі тарихы пәндерінен мықты дайындалдым.Осы жолы мен химия пәнінен дайындығымды бөліскелі отырмын.Алдымен 8-ші сыныпта өткен тақырыптарымды қозғадым.Химия пәні– заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымы. Химия физика және басқа да жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Химия мен биология арасынан шыққан биохимия, химия мен геология арасынангеохимия, космохимия, гидрохимия салалары, өнеркәсіп пен химияның барлық салаларында талдау әдістері үшін қолданылатын аналитикалық химия қалыптасты. Кейбір химиялық мәліметтер ерте заманнан белгілі болған. Алдымен химия пәнінің шығу тегімен, нені сипаттайтыны,қандай білім туралы,яғни кіріспеден бастадым.Содан соң кестелер сызып жұмыс жасадым.Мазмұнына қарай алдымен оңайынан күрделісіне қарай есептер шығардым.Формулалар мен реакциялардың атауларын жаттап есте сақтап қалдым.Әзірге дайындығым осылай.Алға қарай одан әрі шындала түсетініме кәміл сенемін.