Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.  Абай Құнанбаев
жеке
блог

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай Құнанбаев

Сәлем "Массагеттіктер"!

Мен сіздерге бүгінгі жазбамда психологиялық тест ұсынбақпын. Әрдайым сабақ туралы жазатын оқырмандарыңыз сіздерге өздеріңіз туралы қызықты мәлімет жеткізбекші.

1. Жомарт әрі сенімдісіз.

Сіз үздік болуға тырысасыз. Сізде тұрақты жағдай мен менмендік басым. Өзгелерге сізбен сөйлескен қиын көрінеді, бірақ бәрінен сізге өзіңізбен қалған қиынырақ. Сіз тыңғылықты жұмыс жасайсыз, бірақ өзімшіл емессіз. Сіз әлемді керемет жасау үшін жұмыс атқарасыз. Сіз сүйе аласыз, жаралы болмас бұрын. Ал кейін...сол адамды жақсы көруді жалғастыра бересіз. Сіздің жасап жатырған істеріңіз бен сіздің тұрақтылығыңызды аз адамдар ғана бағалай алады.

2. Тартымды әрі шыншыл

Сіз жауапкершілікті адамсыз. Өзгелерді қамқорлылығыңызға ала аласыз. Сіз адал еңбеккке сенесіз және өзіңізге жауапкершілікі тез аласыз. Сіздің мінезіңіз жақсы. Өзгелердің сеніміне оңай кіресіз. Сіз ашық, тез әрі ақылдысыз. Сізде әрдайым өзгелерге айта алатын қызықтар көп.

3. Ақылды әрі ойшыл

Сіз керемет ойшылсыз. Сіздің ойларыңыз бен идеяларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыздықта теорияларыңыз бен көзқарастарыңызды ойлағанды жақсы көресіз. Сіз- нағыз интровертсіз. Кім көп оқып,көп ойлайтын болса сіз сол адаммен тату боласыз.  Сіз әрдайым биіктен табыласыз. Көп уақытыңызды қағидаларыңызды ойлауға жұмсайсыз. Сізге жалпы ұжым қарсы шықса да, өзіңіз дұрыс деп тапқан істі жасайсыз.

4. Білгір және философиялық

Сіз өте сирек және тумасынан ерекше жансыз. Сіздің жаныңызды, жалпы бар әлемде сіз секілді адам жоқ.  Интуициялық және біраз кірпияз адамсыз.  Жұрт сізді дұрыс түсінбегендіктен көп қапаланасыз.Сіз жеке әлемге зәрусіз. Сіздің шығармашылығыңыз өзгелердің құрметін тудырады.Өмірдің ақ пен қара тұстарын айыра білесіз. Эмоцияларыңызды да жасыра алмайсыз.

5.Сенімді және биікті қалаушы

Сіз тәуелсізсіз. Сіздің ұстанымыңыз "Өзім жасаймын". Өзіңіздің күшіңізге ғана сенесіз. Айналаңыздағыларға және өзіңізге қалай мықты болып қалудың жолын сіз жақсы білесіз. Не қалайтыныңызды жақсы білесіз және қалайтын нәрселеріңізбен кездесуге қорықпаңыз.  Бастысы өзгелер сізден шынайылықты қалайды. Сіз оған дайынсыз!

6. Мейірімді және сезімтал

Сіз адамдармен  тез тіл табыса аласыз. Сіздің достарыңыз өте көп және олардың өмірінің жақсы болғанын қалайсыз. Сізде өзіңізге тән жылы жіне ашық ортаңыз бар. Өзгелер сіздің жаныңызда өзін тыныштықта сезінеді. Сіз әр күн сайын қалай керемет болуды ойлайсыз. Сіз қызықты, білгір және бірегей тұлға болуды қалайсыз.  Сіз өзіңізді сүймеген жанды да сүюге әзірсіз.

Өзіңізге қай санның сәйкес келгені туралы пікір қалдырыңыз...