Ширек ғасыр шежіресі
жеке
блог

Ширек ғасыр шежіресі

Құрметті, оқырмандар! Сіздерге ұнайды деген үміттемін(өңделмеген)

Ширек ғасыр шежіресі

Уа, жұртым! Өзегінде намыс  жыры, өршіл жалын кернеген,

Жарқылдаған кеудесінде, найзағайдай жалын оты өрлеген,

Күн һәм түннің Күнікейдей еңселі жер  Қазақстан  бейнесін, 

 Алаш ерін- көк тәңірге самғағандай  самұрыққа теңеген.        

 

Тәуелсіздік- асық атып алшысынан  жай ғана бізге келмеген,

Үлесі  бар,ақыл-ойлы батырлардың,  елім деген, жер деген,

Бабаларым сан ғасырлар халық үшін, ұрпақ үшін айқасып  

Ел азаттығын, ұлттылығын жауға қолдан , әшейінде  бермеген

 

Қиын сәттер, ызғырық түн, қиын жылдар  қалды артта   ендігі,

Қазақстанның қабылданды Республика деген ресми түрде елдігі,

Оттай лаулап алауы,желбіресе көк туымыз тәуелсіздік жалауы,

Бұл жетістік бабалармен батырлардың  рухты деген ерлігі!

 

Ділім қатты, тілім ащы, қия тартқан  әділетті жақтаймын,

Толқыныста толқып жүріп тұңғиық тереңіне батқандаймын,

Көз алдымда қиялға ерік беріп, әсем өрнек пішемін,

Еркіндік нұрын яки жырын шын пейілмен  толғаймын.


Ізгілік пен, ізеттің ақ жолында әмзе басып  лаулаған,

Әлем һәм ырзықпенен сәни үшін бейнет тартып жалындаған,

Қанағат қылғанды, көзіндегі қарашықпен, жанды жалдап,

Тарландары, ұшқындары,шәкірттері- Нұр ағамыз бастаған!

 

Жиырмасыншы ғасырда, жариялапты , тәуелсіздік тұғырын,

Азат  пендем, сол заматта, жайған еді терең  сырлы  тамырын,

Желтоқсанның он алтыншы жұлдызы, ызғырық аязынан,

Бастап жазды, ақындар, еңселі  ел тәуелсіздік  жырларын. 

 

Бүгінде даламызға миғраж шығып, сәуле шашқан жер атандық

Дәл осы жыл қыран ұшқан көк туымыз желбіреген ел атансақ,,

Орын тапса биіктен елтаңбамыз, шырқалыпты ән ұран, болсақтағы...

Қаншама жыл, қайғы шеккен, қанжар жұтқан халық болсақ.

 

Ынтымақ пен бірлік деген игілікті, теңеусіз әрі,  егіз ұғым,

Берекенің- рызығы мен  несібесіне  жиналған толы   ұлтым,

Біріккен Ұлттар Ұйымына тоқсан екіде мүше болып,

Осы күні бақытқа кенелді ғой  Әулиелі әрі киелі жұртым.

 

Азаттық аясында –жерімізде, елімізде  көп ұлттымыз,

Себебі біз  алпауытты  билей білген мемлекетпіз,

Ормандай орыспенде , Қоқанменде тіл табысқан,

Қазақтай халық бар ма?!-  мәңгілікке ұйымшылмыз!

 

Абай менен Абылайлар бейнеленген әрбір сурет маңызды,

Әрбір жырлар , қара сөздер ақын деген тамшыларды тамызды,

Тоқсан үштің,қарашасы  ұлттық валюта енгізілсе халыққа,

 Ғасырларға тоғысқан «Теңге»- деген алғашқы  ұғым тағы ізгі.

 

Қазақстанға табан тірер, осы ғасыр,мақтан етер жыл екен,

Оқуға көңіл бөлу жастар үшін үлгі етер үлкен құрмет,

«Болашақ» атты бағдарлама елбасымен қолға алынса,

Шет елде білім алу біз үшін абырой мен биік міндет!

 

Ата-заңым, Конституция - ол сенің бас қорғаушың,

Бұ,дүниеге сәби болып келген сәтте-ақ көмектескен.

Адамнан болса-дағы мәңгілікке, хас қолдаушың,

Тоқсан бестің, тамызында бап-бабымен елеп шешкен

 

Абай дана, Абай дара, үлгі етер ақын қазақта,

Бұ, заманда әлем үшін ұлы ұстаз Абайда,

Тоқсан бесі жылдардың Абай үшін  арналды,

Қара сөздің жілігін шаққан ағартушы, ақынға.

 

 Ұлының ұлылығы, аты ұмытылмас дүниеде қашанда,

Қара қалам, ақ қағазбен жеткізетін мұраларын ұрпаққа,

Жазылары сөзсіз ғой тасқа болсын, тауға да  ұлы  Абай есімі,

Тарихында ақ оюмен өрнектелген, өшпес алтын әріппен!

 

Кең даланы сұмға айналдырған , қу зат бар , жарылған,

 Сүріндірген, қысқартқан тағдырларды  зорлатқан,

Ақырында бітті бәрі,   мүгедек болсадағы «шүкір» деп,

Тоқсан алтыда, ядроға тыйым салынғанына  қуанған

 

Тоқсан жетінің ортасында  Республика  таңы атты,

Шуақты  күн, Ақмолада шілденің белі қатты,

Есілдің жағасындағы Астана Орда  атанып,

«Арман қала» -Бойындағы Есілдің қала атанды!

 

Ей, Астана Еуразияның кеудедегі жүрегісің ,

Бөрі мінез батырлардың  ер намысты білегісің,

Астана Тәуелсіз елдің  беделді  ел ордасы,

Бейбіт елдің  арман,  асыл тілек, тірегісің.

 

Тоқсан сегіз деген жыл- ұдайы шежіре жыры,

Құндылық үшін ұлттық тарихпен бірлік жылы,

Шілдесінде осы жылдың декларацияға қол қойылса,

Маусымында әуе қорғаныс күші пайда болды

 

Тоқсан тоғызда Астана- «Бейбітшілік қаласы» атанды,

Осы таңда  осы ,ғажайып зиялылар  ортамызда,

Сәулетіне көз талатын,  күнге шағылысар монументтер,

Әлемнің  ел танитын, мәңгілік жері атанды!

 

Нұр Отан- алға ұмтылыс  үшін бастау болды,

Сәуле шашу мағынасы үшінде қол қойылды,

Нұр Отан  партиясынан бастау алған жобалар ,

Бүгінде халықтан зор алғыс пенен мақтау алды.

 

Екі мыңыншы жыл  құндылық жылы жарияланды,

Дәстүр менен ақыл-ой, сана менен салтты да бағалады,

Мәдениет деген рухтылық  баршаңыздың,

Адамзат әлемінің айнадағы  бейнесін  сала алады

 

Екі мың бірінші жыл- жиырма бірінші ғасыр бастамасы,

Көне ескерткіш Күлтегіннің Қазақстанға әкелінсе көшірмесі,

Ғылым мен білім ордасы Гумилевтің төрінде орын алды.

Ең бастысы тәуелсіздіктің дәл осы жыл  он жылдығы!

 

Екі мың екі –халық күтімі үшін денсаулық жылы,

Евразия төрінде, Астана кіндігі үшін тірілді,

Бәйтерек атты монумент пайда болса  ,

Тараз үшін екі мың жылдық мерейтой өтті.

 

Екі мың үш – ауылды қолдау жылы ретінде қабылданды,

Технология бұл үшін жанымыздан жылдамырақ табылмады,

Екі мың төрт- Ресейдің Қазақстандағы өткен жылы,

Бірлік үшін, қолдау тапқан бірнеше рет сыры.

 

Екі мың бес –Ұлы  Отан соғысының 60 жылдығы ,

Біз  мақтан тұтар, жеңістің тәтті  жырлығы,

Екі мың алты –Желтоқсан көтерілісіне 20 жылдық,

Осы үшін нені істемей, нені қылдық?!

 

 

 

Кім сүймейді туған тілін, туған ділін айтыңдаршы?!

 Қанаты ғой әрбір жаннның  аспандағы талмайтынды,

Қолдау тапса екі мың жетіде тек  туған тілім,

 Қадірлейік, құрметтейік ағайын, туған тілді

 

 Екі мың сегіз алыстағы қандастардың оралған күні,

Самұрық-қазына қоры жобасы  қолға  алынған үні,

Қазақ елі монументі ортамызда бой көтерсе,

Тоқсан бір метрлік идеяның авторы  елбасы өзі

 

Екі мың тоғыз-халықтың  Республикалық санағы өтті,

Ұлттардың бірлігі мен достастығы шыңға жетті,

Әлемдік дәстүрлі  көшбасшылар сьезі өтсе,

Танылды Қазақстан мәдениеті  осы жерде!

 

Жасыл елдік көшбасшылар табиғатты қорғауда,

Мемлекетіміз оларды табысты түрде қолдауда,

Мәңгілік ел жоспарлы түрде жүзеге асса,

Елбасымен жүз қадам бүкіл елді шарлауда.

 

Алдымызда жауапты іс Экспо әлемдік көрмесі,

Ат-салысуда, еңбектеніп Жас Ұлан белсендісі,

Жастар саясаты басқармасы қарап қалмай,

Жас Отан, Нұр Отанмен қарайлауда.

 

 

Тарихтың жілігін шағып, майын тамыздық,

Тәуелсіздік шежіресін жайып салғыздық,

Жалпыұлттық мәңгілік ел жалғасын табу үшін,

 Шежірені жалғастыру ойымыз бар!

 

Бүгінде  біз Қазақстанның   Тәуелсіз ел  ұланымыз,

Қазақстан болашағы, үміт артқан  көк бөрі ұрпағымыз,

Мәңгілік  Қазақ  халқым, туған жер деп жырлау үшін,

Тарихты жылыменен, шежірені ұғынамыз.

 

Биыл міне тәуелсіздіктің  аса ірі  ширек ғасыр мерей тойы,

Жастар үшін тәуелсіздік яғни  біз үшін үлкен абыройы,

Осыменен сөзімді   соңына дейін  аяқтамай,

 

Ары қарайда ғасыр шежіресін жырлаймын деген сенімдемін !