Ағылшынша үйрену. (Сəлемдесу, танысу) (Байқау)

Ағылшынша үйрену. (Сəлемдесу, танысу) (Байқау)
жеке
блог

Сəлеметсіздер ме Массагет ұжымы. Мен бүгін сіздерге ағылшын тілін үйрену сабақтарын ұсынбақпын. Бұл сабақта мен ең таңдаулы деген сөз тіркесін оқыдым жəне үйрендім. Бұл орайда тек жаттап қана қоймай түрлі ағылшын тілдерін Ютубтан қарап, тіпті кітапта оқыдым. Алдымен ағылшын тілі жайында қысқаша шығу тарихына назар аударсақ.

Ағылшын

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл (де-факто - лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.


Ағылшын
Сәлем!

Сәлемдесу — сөз басы дегендей ағылшын тілін үйренуге арналған бірінші сабағымызды сәлемдесу, хал-ахуал сұрау және қоштасар кезде айтылатын сөздерге арнаймыз.

Greeting | Сәлемдесу

Hello! | Сәлем!

Hi! | Сәлем!

Good morning! | Қайырлы таң!

Good afternoon! | Қайырлы күн! (afternoon деген сөз түс қайтқан кезді білдіреді. Бірақ қазақша олай сәлемдесу болмағандықтан ол уақытта Қайырлы күн! деген орынды болады.)

Good evening! | Қайырлы кеш!

Good night! | Қайырлы түн! (Қайырлы түн деген сөз көптеген тілдерде жатар алдындағы сөз ретінде де қолданылады.).

Бастапқыда жазылған Hello! Hi! сөздері сыпайы түрге жатпайды. Ресми кездесулер мен жасы үлкен бейтаныс адамдарға олай айтылмайды. Тиісінше, сыпайы түрде Good morning!, Good afternoon! т.с.с. сөздер айтылады.

Танысу (жағдай сұрасу) | Getting Acquainted

— How are you? | Қалың(ыз) қалай?

Thanks, I am fine! And you? | Рахмет, жақсымын. Өзің(із) ше?

I am fine too! | Мен де жақсымын!

— Where are you from? | Қайдан боласыз?

I am from Almaty. | Мен Алматыдан боламын!

— How old are you? | Сіздің жасыңыз нешеде?

I am 20 (twenty). | Мен жиырмадамын.

I am a student. | Мен студентпін.

I study at a University. | Мен университетте оқимын.

Tell goodbye | Қоштасу

Good bye! | Сау бол(ыңыз)!

Bye-bye! (Bye!)! | Сау бол(ыңыз)!

See you soon! | Келесі кездескенше!

Take care! | Аман бол! (Сау тұр!)

Ағылшын

Міне мен осындай Ағылшынша жəне Қазақша айтылатын сөйлемдерді үйрендім. Келесі сабақта 2 сабағымды жазатын боламын. Ия бұны бізге мектепте үйрететін, деседе қайталап оқу артықтық етпейді емес пе. Сіздерде осыны біліп жүргейсіздер. Бəлкім сіздерге де керек болар. Рахмет! Thank you!