Біліммен қаруланған адам – жеңімпаз адам. М. Горький
жеке
блог

Біліммен қаруланған адам – жеңімпаз адам. М. Горький

Сәлем, құрметті "Массагеттіктер!"

Білім - мықты қорған. Оны бұзу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Адам баласы көре, жүре шыңдалатыны секілді, білімді де бойына дарыта жүріп, мықтылардың ізін басады. "Мектепте оқу керек, мектептен шыққаннан кейін онан да көп оқу керек"- деп, Писарев айтқандай әрдайым өзімізге керек нәрселерді жадымыздан шығармауымыз шарт. Адам баласының мүмкіндігі шексіз. Біз осындай зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз тиіс. Себебі бізде оқимын деген бала үшін барлығы бар. Ал басқа көптеген мемлекеттерде балалар оқу іздеп жылап жүреді. Бар кезінде білімді игергенге не жетсін?!

Әр адамның қолынан іс келеді - егер ол шынымен талаптанса. Абай атамыздың мына керемет сөзі бар ғой: "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Сонда толық боласың елден бөлек".  Жүрегін қалаған мамандықта, ақылмен жұмыс атқарғанға не жетсін?! Шіркін-ай!

Мен осы жазбамның алдында тест тапсырып, нәтижесін сіздерге айтып өткенмін. Ал бүгін сол тесттің қатесін сіздермен бірге талдамақпын! Ал кеттік ...

Қазақ тілі пәні: 25-23

  1. Нақтылау мәнді демеулік шылауды көрсетіңіз: ғой, қой
  2. Туынды үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз: Сен немене қартайып қалған адамша сөйлейсің?
Орыс тілі пәні: 25-20
  1. Ряд предлогов: над, при, через
  2. Существительное с суффиксом -ек: орешек
  3. Причастный оборот не обособляется в предложении: Согнутая в форме спирали трубка поражала своим изяществом.
  4. Вид сложного предложение: Кто не работает, тот не ест. : сложноподчинённая
  5. Сложноподчиненное предложение с придаточным сравнение: Вера запела так, как поют птицы.
Қазақстан тарихы: 25-20
  1. Қожа Ахмет Йассауи өмір сүрді: 1103-1167 (XII ғ.)
  2. Өскемен қаласының іргесі қаланды: 1820 ж
  3. Қазақстанда ірі байлардың мүлкін тәркілеу туралы декрет қабылданды: 1928 ж
  4. 1947 жылы өзінің алғашқы өнімін берген өнеркәсіп орны: Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты
  5. Кир бастаған парсылар сақтармен соғысты: 530 жылы (XI ғ)
География: 25-22
  1. Исландия аралы: жанартаулық арал
  2. Жерорта мен Қара теңізді байланыстыратын бұғаз: Босфор
  3. Бразилиядағы темір кен орны: Каражас
Математика: 25-17 (Математика пәнінен есеп болғандықтан, теру қиынға соғады. Сол үшін айып етпеңіздер!)
 
Құрметті оқушылар, болашақ түлектер. Бос уақытымызда бәріміз ғаламтор желісіне қосылатынымыз  сөзсіз. Соның бірі де өзіммін. "ҰБТ-ға дайындалуға уақыт жоқ "-деп ғаламторда отырғаннан түк шықпайды. Егер де сіздер кітап оқып дайындалғаннан шаршайтын болсаңыздар, көмегі тиер біраз сілтемелер жазайын:
www.itest.kz
www.umnik.kz
www.megamozg.kz
https://vk.com/ubt_akademiasy
https://vk.com/mat_ent
ggddzz.ru
ya-student.kz
testent.kz
e-history.kz
Осы көрсетілген сілтемелер арқылы, 0 ден оңай көтерілеміз!
"Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге, шын жетпейді,
Өзің білмесең,өзгелерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді"-
деп Төле би айтып кеткендей, білімге құштар болайық, Жас достар!