Жаңбыр жауса екен... (Тапсырма)
жеке
блог

Жаңбыр жауса екен... (Тапсырма)

Жаңбыр әр кімге әр түрлі сезім сыйлайды. Жаңбыр жауғанда кейбіреулер шаттанып, жас балаша қуанса, енді біреулер мұңлы әлемге аяқ басады. Бұл ғажайып сәтте даламыз ерекше әдемі болып тұрады. Ал жаңбырдан кейінгі сәт... Ерекше... Қатты дыбысты жаңбырдан кейінгі дала тыныштығы, жаңбырдан пайда болған кішкентай көлшіктер, жаңбырдан кейінгі ғажап иіс, күлімдеп шыққан кемпірқосақ. Бұл ерекшеліктерін қарап жаңбырға қалай ғашық болмайсыз?!

Сәлем менің алтыннан да қымбат Массагеттік достарым! Бұл блогымды жаңбыр туралы бастауым бекер емес. Маған берілген екінші тапсырма бойынша кітап оқу. Оны осы аптада мүмкүндік болса аяқтап тастауға болады делінген еді. Мен бұл тапсырманы да орындадым.

Ең алдымен кітапханаға бардым. Бұл менің мақсатымның  бастамасы болғандықтан бірден қыйынға жүгірмей, жеңіл тақырыпта жазылған кітап алсам дедім. Кітап сөрелерінен  қаншама кітаптарды қарап оның барін алып дәл қазір оқығым келді. Бірақ, ондағы кітаптардан ерекшеленіп тұрған бұл кітап, атауымен-ақ  мені  баурап алды. Ол кітаптың атауы – “Жаңбыр жауса екен деп аталады”. Авторы: Айгүл Жұбаныш.

Автор туралы:

Айгүл Жұбаныш 1984 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Бершүгір стансасында дүниеге келген.

Кітапта балалық  шақтан бастап, қарт кезеңге дейінгі өмір және ондағы қуаныш пен мұңды суреттейтін әңгімелер жинақталған. Негізгі тақырыптар: махаббат,адами болмыс,мінез-құлық,т.б.

Кітап екі бөлімнен турады. Бірінші бөлімде әнгімелер. Бұл бөлімде 16 әңгіме қамтылған. Мен оларды толық оқып шықтым. Ерекше мағынаға ие. Бұл әңгимелерді оқып,күрсіндім, қуандым, мұңайдым, көзге жас алар кездер де болды. Маған ең әсерлі болған әңгімелер “Қуыршақ”, “Бөрте”, ”Ақ апа”, "Жаңбыр жауса екен...".

Екінші бөлімде пьесалар бар. Екі пьеса берілген. Олар “Қызғаныш”, ”Соғыстың  соңғы жесірі” пьесалары. Олар да озіндік ерекше, терең мағынаға ие.

Кітаптан алған әсерім ерекше сондықтан сіздерге де оқуға кеңес беремін. Алғаш кітаптың атауы ерекше ұнап еді, міне енді кітапты толық  аяқтадым. Кітап тамаша! Бұл кітапты алғаныма, оқығаныма еш өкінбеймін.

Міне, мақсатқа жету жолындағы берілген алғашқы тапсырмамды осылай орындадым. Бұл тапсырмаларды берген жетекшіме алғысым шексіз!

"Кен" тобы алға!