Ұланымын ұлы елдің (БАЙҚАУ)
жеке
блог

Ұланымын ұлы елдің (БАЙҚАУ)

                                             Ассалаумағалейкүм, ардақты Алаш жұрты!

Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын! Ұстаған оразаларыңызбен, дұға тілектеріңіз қабыл болсын.

Өзім жайлы айтар болсам, есімім Сайтбеков Абдумалик Бахтиярұлы, қасиетті Жуалы өңірінің тумасымын. Жастайымнан Жуалы өңірінің тамаша табиғатындағы емдік өсімдіктерге қызығып өстім. Содан бергі арманым дәрігер болу. Бұл арманға жету жолында аянбай еңбек етіп, білім тұңғиығына терең бойлап келе жатқаныма 5 жылдан асты. Қазір №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектептің 10 сыныбын аяқтадым. Алда үлкен сынақ, ҰБТ күтіп тұр. Биылғы жылы алға қойған ең негізгі мақсатым ҰБТмен байланысты болмақ.МӘЛІК СЕЙТБЕК

Өмірдегі ұстанымым:От бол!

Осы суретке қарап менің кімге еліктейтінімді түсінген боларсыздар. Иә, дәл таптыңыз. Ол Аманжол Рысмендиев.Аманжол Рысмендиев

          Учись! Применяй! Зарабатывай!

Бұл қазақтан шыққан тұңғыш бизнес-тренер, мотиватор, оратор Аманжол Рысмендиевтің ұраны. Әлі бұл кісінің тренингіне қатсып көрмедім, бірақ ғаламтордағы видеоларын көріп, кітаптарып оқығаннан соң бизнеске деген қызығушылығым артып, Аманжол ағаны сырттай болсада өзімнің бизнестегі ұстазым деп білемін.

Менің хоббиім: кітап оқып, миды тынықтыру.

Бос уақытымда табысқа жетудің нақтыланған заңдылықтары бойынша жұмыс істеймін. Әр түрлі бизнес жобаларды талқылап, жоспар құрып, әр күн сайын бір қадам алдыға жылжимын.

Байқауға қатысудағы басты мақсатым: білімімді тереңдете отырып, алдыма қойған мақсаттарыма Массагетпен бірге жету. Алдағы уақытта мотивациялық блогтар жазып, замандастарыммен бірге іні-қарындастарымада пайдамды тигіземін деген ойдамын.

Массагет сайтының ұжымына алғыс айта отырып, алдағы уақытта осы байқауды үлкен дәрежеге көтеріп, өзіндік орыны бар үлкен Республикалық байқаулардың қатарынан көргім келеді.ЖАС ҚАЗАҚ ҰРАН

Биыл алдыңғы жылғы қатысушылардан құралған – “ЖАС ҚАЗАҚ!” атты жаңа тобымызбен Массагет байқауында бақ сынамақпыз. Осы жылғы қатысушыларға СӘТТІЛІК тілей отырып, ЖАС ҚАЗАҚ тобына жеңіс тілеймін!))) Жас Қазақ