Массагеттің кенжесімін

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар. Менің атым – Аяулым. Ақмола облысы, Есіл ауданының тұрғынымын. Биыл 1-сыныпты аяқтадым. 

Өмірдегі ұстанымым: Тек алға! 

Еліктейтін тұлғам: Мультфильм кейіпкерлері. Соның ішінде Пруденс ханым. Мен өскенде ізкесуші (адвокат) болғым келеді.  Сонымен қатар Али мен Айя, әсіресе көмекке әрқашан дайын Дара.

Хоббиім: Би билеп, ән айту, гимнастикамен шұғылдану. 

Бос уақытымда: Велосипед теуіп, доп ойнаймын. 

Байқауға қатысуға ниет білдірген себебім: Бағымды сынау. 

Алдағы уақытта Массагет порталы қандай байқау немесе жарыс ұйымдастырғанын қалаймын: балаларға қызықты, логикалық байқаулар. 



Бөлісу: