Болашақ журналист бүгіннен бастап "байысын"

Болашақ журналист бүгіннен бастап "байысын"
жеке
блог

Ойлана келе, аз ғана уақыт ішінде орындап шыға алатын мақсаттарымды айқындадым. Оны мен бүгін массагеттік оқырмандармен бөліспекпін.

Менің мақсаттарым
1) Журналистік шеберлікті ширату; 
2) Төте жазу үйрену; 
3) Кітап оқып, үздік үзінділер алу және оған рецензия жазу. 

Себебі, мен болашақ журналиспін. Сондықтан, өзімді дамытуға тиіспін. 

Төте жазу үйренгім келетін себебі – ол біздің тарих, әдебиеттің тарихы. Сол себепті біз оны білуге міндеттіміз. 

Кітап оқу арқылы тіл байлығымды арттырып, ой-өрісімді кеңейтпекпін. Өзіме қажетті рухани азық аламын. Үзінділер алып, рецензия жазу арқылы оны өзгелерге де дәріптеймін. 

Мақсатыма қол жеткізу үшін ізденемін, оқимын және үйренгенімді өзгелерге де түсіндіремін. 

Жеңіс бізді жігерлендіреді, ынталандырады. 

Байқауға қатысудағы мақсатым – бос уақытымды пайдалы істерге жұмсау және біраз нәрсе үйрену. 

Байқаудан тек қана командамыздың жеңісін күтемін.