Әдебиеттің ажырамас бөлшегімін
жеке
блог

Әдебиеттің ажырамас бөлшегімін

Менің аты-жөнім – Жаманқұл Ақниет. 2002 жылы 17 наурызда ОҚО, Түлкібас ауданы, Састөбе елді мекенінде дүниеге келдім. 

Өмірлік ұстанымым – "Тек қана алға!". Бір қадам кейін шегінбей, тек алдымызға көз тіксек, өз қалауымызға уақытында қол жеткізе аламыз. 


Мен еліктейтін тұлға – белгілі тележүргізуші Жайна Сламбек. Себебі, оның мақалалары, сөйлеу мәнері және дауыс ырғағы өте ұнайды.

Хоббиім – өмірлік нәр болар кітап оқу, шығармашылықпен айналысу, жан тыныштығын сыйлар әуен тыңдау және өмірлік көзқарас қалыптастырар фильм көру. 

Маған классикалық әуендер – Бетховеннің, Поль Морианың туындылары ұнайды. Еркін Нұржанның репертуарындағы әндерді де сүйіп тыңдаймын. 

Ал кітаптарға келер болсақ, С.Мұқанов "Мөлдір махаббат", І.Есенберлин "Махаббат мейрамы", Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романдарын аса жоғары бағалаймын.

Шетел әдебиетінен детективтік жанрдағы романдар оқығанды жақсы көремін: Джеймс Х.Чейз "Тұзақ", "Із қалмасын", Джадсон Филипс "Қисық жолмен". 

Кітап оқу нәтижесінде "Ең үздік оқырман" атты байқауға қатысып, жүлделі 3-орынға ие болдым. 

Сүйікті фильмім – "Тақиялы періште". 
Бос уақытымды достарыммен бірге серуендеумен және фильм қараумен өткіземін. Осы істерден бойым сергіп, ойым жаңарып қалады. 

Байқауға қатысу себебім – бағымды сынау, тәжірибе жинау және жаңа нәрселер үйрену. 

Алдағы уақытта порталда әдеби және шығармашылық сайыстар ұйымдастырылғанын қалаймын. 
Байқау менің жігерімді жаниды, шыңдарға шырқатады, ынталандырады.