The good ending competition (қорытынды)

Армысың, айбарлы алаш ағайыным!

Мен массагетке қалай келдім? Мен футбол жанкүйерімін. 2012 жылдар болса керек, Аламан спорт порталының тұрақты оқырманының бірі едім. Содан күндердің күнінде Фараби Арыстанбектің жазбасына сілтеме жасалған мақаланы оқып қалдым. Сілтеме ойынша өтіп қарадым. Спорт туралы  ақпараттар жетерліктей екен. Алғашында сайтқа толықтай мән бермедім, тек футбол жаңалықтарын оқитынмын. Кейіннен ақтара бастадым, жалпы қазаққа тән дерлік барлық тақырыптар жөнінде мәлімет таратады екен. Содан жиі кіріп жүрдім, бір жыл бойы тіркелмей жүріппін. Содан сәті түсіп 2013 жылы 8 наурыз күні тіркелдім. Керемет дата. Сол сәттен қалаған мақалама еркін пікір білдіре бастадым. Блогтарды да оқып жүретінмін, жазғым келетін, неге екенін білмеймін жазбаппын. Ең алғашқы блогымды осы байқаудың лебімен жаздым.

Міне 2 ай бойы қызығы мен шыжығының дәмін татқан, жақсылыққа, еңбекқорлыққа баулыған байқауымыз да мәресіне жеткендей. Бұл байқаудан көптеген тәжірибе жинақтадым, рухани, адами құндылықтарды бойыма сіңірдім. Алдыма мақсат қойдым. Әрекеттендім, талпындым. Қызықты оқиғалар да аз болмады сондай оқиғаның бірі:

 17,08,2015, сағат кешкі 8 шамасы. Әдеттегідей, мақсатымды орындауға стадионға бардым, дене қыздыру жаттығуларын жасап,  негізгі дайындығым 100 метрге жүгіруге кезек келді. Жүгіре жөнелдім. Стартты жақсы бастадым, қарқынды үдетіп келемін. Бар күшіммен алға ұмтылып кеудемді алға қарай қатты бағыттап жібердім. Қателік міне осыдан болды. Соңғы 10 метрлер шамасында тепе-теңдік сақталмай жерге құлап түссем болама?! Ай ұят-ай дап дардай жігіттің тегіс жерден құлағаны ерсі көрінері рас қой? Оны досым видеоға түсіріп тұрған сайтқа салу мақсатында. Айналамда өзге де адамдар бақылап тұрған. Олардан да ыңғайсызданып қалдым. Өзім артынан видеоны көріп ем, өз-өзіме күлкім келді. Намыстанып кеттім бір жағы. Қателігімді түсіндім. Бір жағынан мақсатқа жету керек деген желкедегі жүктің күшімен құлаған болармын деген ой туды. Не де болса сабақ болды. Міне осылай-осылай 100 метрді 12 секундта бағындыру мақсатымды орындадым. Нақты уақыты 12,50 секунд. Мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Ал енді футбол финттерін үйренгенім жайлы сөз қозғасам...Бұл мақсатыма да жеттім деген ойдамын. Біраз финттер мен қимыл-әрекеттерді меңгердім. Серігім жоқ болуына байланысты жаттығуларымды сіздермен бөлісе алмадым. Үйренген трютарымды айта кетсем: 2 аяқ көмегімен допты әуеге көтеру, допты желкеге қою, допты әуеде тебу (жеке рекордым 64 рет), Рональдиньо әдісіндегі «эластико», Неймар финті, Зиданның 360 градусқа айналып өтуі, Роналдудың «көз шатастырғышы». Және өз қызығушылығымнан қақпа үсті теміріне(перекладина) асылып тұрып соққыны қайтару әдісі. Бұл жәй қызық өнер ғана, матчта бұл әдіспен ойнауға болмайды.

  writeFlash({"src":"","width":"900","height":"500"});

Қазақстан тарихы. Бұл арман жетегінде де біраз еңбек жасадым, шыны керек, көп уақытымды осы мақсатты орындауға бағыттадым, ҰБТ басқаларынан маңыздырақ болғандықтан. Мақсатым 21 балл көрсеткішін жинау болатын. Тест болғандықтан, әр кезде әр түрлі нәтиже болды. Бірақ 25 баллды еншілеп тұрсаң да, тарих қайталап тұруды қажет ететін пән екенін осы жылғы түлектер бірнеше рет ескертті. Дайындық барысында тақырып бойынша кітаптарды да оқыдым. Қызықты керекті болған тақырыптарымды сіздермен бірге талқыладым. Дайындығым әдеттегідей одан әрі жалғасын таба бермек.

Ағылшын тілі. Ағылшын тілін де меңгере алдым, Жолдас ағаның керемет видеосабақтарының арқасында. Vlogger болуға да біраз еңбек еттім. Алдын үйренген грамматикалық ережелерімді қайталап, жаға сабақтар үйренуге сеп болды. Алдағы уақытта да сабақтарды қарауды тоқтатпауға бекіндім, байқау бітсе де, өмір жалғаспақ. Бқл сабақтардың болашақта көп жетістікке жетелейтініне жоғары буындағы аға – әпкелер сендіруде. Жолдас аға, сізге үлкен рахмет, күш-жігеріңіз арта түссін. Ағылшын тілі арқылы қандай да бір жеңісті болсам мұнда сіздің де үлесіңіз жоғары болмақ өзге ұстаздарыммен тең дәрежеде. Нақты айта кетсем, мен 23-ші сабаққа дейін меңгердім, толық меңгеруге асықпадым себебі, сабақтарды басынан қайталап көріп шықтым. Жалпы, бұл мақсатыма да көңілім толды.

Асхана. Бұл мақсатым көп машақатты талап етті. Талаптарын орындадым. Қиындықтар де аз кездеспеді. Бұл мақсатты қоймастан бұрын, қарапайым жұмыртқа қуыра алмайтынмын. Байқаудың арқасында біраз нәтижеге қол жеткіздім. Аспаздықпен айналысу байқаудан алдын да оймда болатын. Бірақ ол кезде жауапкершілік болмады. Қамшылап тұрушы болмаса бір істі еркіңмен орындау біраз қиын іс. Бірақ әрине өзің қатты қалаған нәрсеңе қол жеткізбей қоймайсың. Байқау мағвн жақсы қамшы бола алды. Байқау бойына 4 тағам түрін сіздермен бөлістім: орама, печенье, самса, және арнайы тапсырма бойынша өз тағамым. Және бірнеше тағам үйрендім бірақ, сіздерге паш ете алмадым. Өкініш жоқ. Себебі тәжірибе сақталды. Шыны керек, тапсырма береден алдын, ай осы аспаздық бойынша тапсырма беріп қалмасыншы деген үмітпен болдым. Неге дейсіз ғой? Өйткені енді тәжірибе жинап келе жатқан мына мен қалай жаңа тағам түрін ойлап шығарам деген ойда болдым. Ағылшын тілі не футбол туралы тапсырма берсе екен деген тілек болды,  бұлардан берілген тапсырманы ептей алуыма сендім. Тапсырма тағам жасап шығару болды. Енді мен не істеймін? Күні түні екі ой ойласам бірі осыны қалай орындасам екен деген ой санамда тұрды. Әркімнен кеңес сұрадым, бір досым дұрысырақ ақыл қосты. Бәрінің айтқанын қорытындылап тапсырмамды орындадым.

Сөз соңында. Массагет байқауы мен үшін лагерь іспеттес болды. Жаңа достар таптық, тәжірибе жинақтадық, өнерімізді көрсеттік, топтық жұмыс жасадық, тапсырмалар орындадық, армандадық, мақсат еттік, еңбектендік, тер төктік, жығылдық та, мұңайып осының керегі не дедік кейбіріміз, еңбекқорлар ұмтылды алға, сиынып бір Аллаға, мың алғыс айтамын осындағы бар адамға! Альхамдулиллә ниеттеріме жеттім. Нәтиже бар. Өмірде күрескен жеңеді. Осындай қызықты көңілді уақыт сыйлағаның үшін РАХМЕТ САҒАН МАССАГЕТ!!!

P.S. Байқауды соңында бастап, соңында аяқтап тұрмын. Ештен кеш жақсы. Біз де жүлдеден бір дәмеліміз. Тілегіміз қабыл болар нәсіп болса)



Бөлісу: