Дана Абай,  дархан Абай, дара тұлғам...
жеке
блог

Дана Абай, дархан Абай, дара тұлғам...

Ұлы жазушы М. Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүргенде ақ, былай деген екен: "Абайдың істеп кеткен қызметі- әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салнатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрнекті, көрікті, нақысты, өрнекті болуына лайық. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты "

 Рас, Абай атамыз біз үшін ерекше дара тұлғалардың бірі болып саналады. Өлеңдері, қара сөздерінен бүгінгі біздің заман көрінеді, ол анық.  

    Абай атамыздың тарихын, шығармашылығын, қара сөздерін барлығымыз білеміз. Сол үшін оған тоқталуды жөн санамадым. Оның орнына өзімнің тырнақалды Абай бабама арнаған өлеңімді сіздерге ұсынып отырмын. Поэзия әлеміне бір саяхат жасап қайталық!

                  

              Абай бабама

Жарасқан өң бойына даналығы,

Жүк болған жүрегіне дала жүгі.

Бала болып бой жазып ойнамастан,

Білінбей өтіп кетті балалығы.

 

Абай ата- ұлы адам, парасатты,

Ақ көңілмен сүйеді ол адамзатты.

Өнер, білім, ақылы, өнегесі,

Өзгелерден тұлғасын даралатты.

 

Қара сөзі, әндері, өлеңдері,

Мүмкінбе ғасыр өтсе көне ермегі.

Алты алаштың баласы Абай десе,

Дүрсіл қағып жүрегі елеңдеді!

 

  Абай Құнанбайұлы мен үшін ерекше тұлға, дара тұлға. Өзім Абай атындағы мектепте оқығандықтан Абай Құнанбайұлы мектебіміз үшін ең бірінші орында тұрады. Мектеп директоры Абай атамызға арнап ай сайын "Абай оқулары" мектепшілік байқауын ұйымдастырады. Ондағы мақсат әр оқушы Абай өлеңдерін, қара сөздерін жаттау. Бұл мақсат іске асып мектеп оқушылары Абай өлеңдерімен, қара сөзімен сусындап, қанат қағады.

 Абай атамыз жайлы жыл сайын қалалық Абай оқуларыда өтеді. Мен өзім ән бөлімі бойынша қатысып 2 жыл қатарынан жүлделі болдым.

 

ХІІІ қалалық "Абай оқулары" байқауында ІІ орынға иә болған едім. Бұл байқауда "Айттым сәлем қаламқас" әнін орындадым.

 

ХІV қалалық "Абай оқулары" байқауында І орынға ие болдым. Бұл байқауда "Бойы бұлғаң" әнін орындадым. Әділ қазылар алқасына, көрермендерге қатты ұнады. Және "Абай, Жетінші сөз" кітабын сыйлыққа алған едім. Өзімнің кітапханамдағы алғашқы кітап десемде болады.

 

Бұл сурет ХV қалалық "Абай оқулары" мұнда өлең оқыған едім.

 

  Сөз соның елбасымыздың сөзімен аяақтағым келеді. "Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары!" Абайдың мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізейік ағайын!