Массагетпен жеткен мақсаттарым. (Қорытынды блог)
жеке
блог

Массагетпен жеткен мақсаттарым. (Қорытынды блог)

Қайырлы күн Массагеттік оқырман! Міне 2 айға созылған байқауда мәресіне таяп қалды. Осы байқау арқылы Массагет ұжымы жастарға үлкен пайдасын тигізді деп ойлаймын. Қатысушылар мақсаттарына жету жолында көп тер төкті, олардың барлығы да жеңіс тұғырынан көрінуге әбден лайықты. Бұл байқау мен үшім ерекше маңызды болды. Байқау арқылы алдыңа мақсат қою, арманыңа жетудің жеңіл жолы екенін түсіндім. Мақсатыма жету жолында бағыт бағдар беріп, көмегін аямаған жетекшім Ербол Жұмабайұлына алғысым шексіз. Байқау арқылы Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген достар таптым.

Ал енді алға қойған мақсаттарым жайлы айтар болсам, менің алғашқы мақсатым  Саийд Юлдаш әлі Құрайыш қажының кітабын оқу болатын. Ол мақсатым орындалды, осы кітапты оқу арқылы көптеген пайдалы мәліметтермен таныс болдым.

Екінші мақсатым псориаз ауруын емдеу жолдарын табу еді, ол мақсатым толығымен орындалған жоқ, осы аурудың емін табу жолында табанды еңбек етіп келемін.

Үшінші мақсатым дәрілік өсімдіктердің жаңа түрлерінен дәрі жасау болатын ол мақсатым толығымен орындалды, осы мақсатым жайлы блогымда сіздерге көптеген пайдалы мәліметтер ұсындым деп ойлаймын.

Ал қалған үш мақсатым, Қайырымдылық – қадірлі іс!, “ҰБТ-ға дайындықты техникалары”, Жуалы өңірінің әсем табиғаты туралы фотосуреттер жинағы, атты үш мақсатымды денсаулығыма байланысты (ауырып қалғандықтан) орындай алмадым. Бұл байқауда алға қойған мақсаттарым, алдағы уақытта алдыма қоятын үлкен мақсаттардың іргетасы іспетті.Мақсат

Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз айтқандай “Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.”  Осы байқауда өз мақсаттарыма білімімді жетілдіру арқылы жеттім деп ойлаймын.Әл-Фараби

Барлық қатысушыларға сәттілік!