Жаңа жылда үйді қалай безендіремін – 2

Жаңа жыл - әлем халқы бірігіп атап өтетін мереке. Осы мерекеде ата-аналар балаларымен қосылып үйдің ішін безендіреді. Шырша қойылып, шарлар ілінеді. Безендірудің бұлардан өзге түрлі тәсілі бар. Олай болса, үй ішіне көрік беріп, әрлеуге көмектесетін жаңажылдық жұлдызшаны бірге жасайық. 

Ол үшін бізге:

- түрлі-түсті немесе ақ қағаз;

- желім;

- сызғыш;

- қарындаш;

- қайшы қажет.

1. Ақ қағазды бүктейміз.

2. Қайшымен артық бөлігін қиямыз. 

3. Ұштарын диоганалі бойынша біріктіріп, сызғыштың көмегімен жалпақтығы 1 сантиметр болатын сызықтар сызамыз. 

4. Сол сызықтарды түбіне дейін жеткізбей қайшымен кесеміз. 

5. Желімнің көмегімен ұштарын біріктіреміз. 

6. Дайын болған бөліктерді өзара біріктіреміз. 

7. Жаңажылдық жұлдызша дайын! Оны пердеге немесе шыршаға іліп қоюыңызға болады.

Жаңа жылда үйді қалай безендіремін?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz