Мұра (байқау)

Сәлем, Массагет оқырмандары! Күн артынан күн өтіп жарыстың төртінші аптасына да табан тіредік. Мақсатыма келетін болсам ескерткіштерді аралап, суретке түсіп, ұлы тұлғалармен, қайраткерлердің монументтерін аралап, ақпараттармен бөлісу болатын. Осы мақсаттарымды жүзеге асырып жатырмын. Мен Мыңжылдықтар мұрасының көне жұрты Тараз қаласындағы ескерткіш, монуметтерге барып суретке түстім. 

 

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш.  Кеңес одағының нацистік  Алманияға және оның еуропалық одақтарына қарсы жүргізген соғысы;Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.

 

Ауған соғысына арналған ескерткіш.  Ауған соғысы (27.12.1979-15.02.1989)-КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып түсіп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс.

 

Қолбасшы Қойгелді Сартұлы (1702-1795) оңғар басқыншыларына қарсы азаттық күрестің көрнекті өкілі, шыққан тегі Ұлы жүздің дулат тайпасы Шымыр руынан, осы қолбасшыға арналған монумент.

 

Болат Кәрентаевпен Айнұр Сүлейменоваға арналған ескерткіш.Каспий теңізі үстінде ұшақ апатынан опат болған қос ғашық. Ұлыбританиядан елге отау құру мақсатында келе жатқан екен... Қос ғашыққа арналған ескерткіш.

     Міне оқырмандар ескерткіштерді аралап шыны керек ерекше сезімде болады екенсін. Ескеркіштер- Мәдени мұра, олай болса ескерткіштерді аралап, тарихымен танысып, рухани тынысымызды кеңейтейік достар.

Сіздерге сауал сіз қандай ескерткіш, монументтер араладыңыз!?

 P.S. Оқырмандар, лайықты болсақ лайктыны басып, пікір қалдырсаңыздар, мен үшін сіздің ойыңыз маңыздырақ!



Бөлісу: