Мақсатыма жетіп жатырмын (байқау)

Қайырлы күн, менің массагеттік достарым. Бүгін сіздермен Орталық Азияға, Қазақстанғада кеңінен таралған манты тағамының жасалу түрлерімен бөлісемін.

Манты- көбіміздің сүйікті тағамдарымыздың бірі. Манты – Орталық Азия, Түркия, Татарстан халықтарының  ет пен жұқа жайылған қамырдан тұратын дәстүрлі тағамы. Жалпы, мантыға ет, капуста,  асқабақ, тауық етін қосып жасай беруге болады. Қазақстанда манты үшін дайындалатын етті салмаға көбіне сиыр не қой етін, жуа, сәбіз,  турап салады. Ал қамырды ашытқысыз, жылы суда илейді.

Қамыр үшін:

-300 г ұн

-1 стақан жылы су

-бір шымшым тұз 

Салма үшін:

-тартылған сиыр еті

-2 дана жуа

-4 дана картоп

-тұз, бұрыш.

Алдымен ұнды ыдысқа салып, тұз қосып, жылы суда илейміз. Қамыр біріккен соң, бетін жауып, жылы жерде ұстаймыз. 15-20 минуттан соң, жұмсарған қамырды илеп, жаямыз. 

 

Еттартқыштан өткен етті үлкен ыдысқа салып, жуа мен картопты майдалап  тураймыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз.

Қамырымыз жайылған соң, оған салмамызды саламыз. Мантыны түрлі пішінде жасауға болады:

Мантымыз дайын болған соң, оны манты пісіретін ыдысқа саламыз. Манты пісіретін арнайы ыдыстың (мантоварка) астын жұқалап майлап аламыз да, дайын мантыларымызды саламыз. Манты буда тұрып, 40-45 минутта піседі. Оған дейін сәбіз бен жуаны қуырып, мантының үстіне тұздық дайындауға болады.

Міне мантымыз да дайын болды.

Астарыңыз дәмді болсын!



Бөлісу: