Мақсатқа жету үшін... (байқау)

Сәлеметсіздер ме? Міне мен сіздермен қайта көрісіп отырмын. Алдыңғы блогтарымда өзімнің физикадан ҰБТ-ге қалай дайындалып жатырғандығым туралы жазған болатынмын. Қазір тек физика емес, қазақстан тарихы пәнінен де өз дайындығымды бастадым.

Қазақстан тарихын оқыған кезде «туған елімнің, туған халқымның тарихын біліп алуым керек» деген мақсат қою керек. Менде алдыма осындай мақсат қойдым. Қазақстан тарихын қайталап оқу арқылы менде туған халқымның тарихын жетік меңгергім келеді.

Алдымен тарихқа дайындалуға жоспар құру қажет. Мысалы күніне 1-2сағат кітапты ашып дайындық жасау қажет, дайындық тұрақты түрде болғаны жақсы.

Дайындық кезінде Қазақстан тарихын ежелгі дәуірден бастап қазіргі күнге дейін аралықты толығымен 1 рет оқып шығу қажет, ол кезде Қазақстан тарихы бойынша жалпы түсінік қалыптасады. Егер дайындықты бірден тест жаттаудан бастасақ ,онда жатталған сұрақ 2-3 аптадан кейін ұмытылып кетеді. Сондықтан алдымен қайталаудан бастаған жөн. Менде 6-сынып ежелгі қазақстан тарихын қайталап бітірдім.

Оқығанымызды еске сақтау үшін конспекті немесе тірек-сызба жасап отырған дұрыс. Конспекті жазғанда әдемі және қысқа түрде жазғанымыз дұрыс оның ең тиімді әдісі: белгілі бір тақырыпты оқып шыққаннан кейін, оны қағаз бетіне түсіру. Сол кезде мәлімет есіңізде жақсы сақталады.

Сынақ кітапшаларынан тестілерді шешкен кезде, жауап беруге қиналған сұрақтарға сұрақ белгісін қойып, кейін мектеп оқулығынан немесе көмекші оқу құралдарынан іздеп тауып, сол тақырыпты қайтадан қарап, толықтырып оқып отырамын.

Және қазақстан тарихынан интернет сайттардағы онлайн тесттерді де орындап отырған дұрыс. Менде осы аптада онлайн тесттер орындадым. Нәтижесі жақсы.

Алдағы уақытта сіздермен өзімнің дайындығым туралы тағы да бөлісетін боламын.



Бөлісу: