Адамды сәтсіздікке ұшырататын себептер

Басқалардың істеген ісі мен көзқарасына мін тағып, тырнақ астынан кір іздейтіндер. Басқалардың ескертуі мен ұсыныстарын бос мылжың деп есептейтіндер. Не істегісі келсе соны істей жөнеледі, тексеріп-зерттемейді. Көне сүрдектен жазбайды, бейімделу дегенді білмейді. Өз әліне қарамастан басқалардың табысқа жеткен үлгісіне көзсіздікпен еліктейді. Нәтижеге мән беріп, барысына назар салмайды. Айдан анық тұрған мәселелерге әрі-сәрі болады. Істеген ісінде беталыс, жоспар болмайды. Ойына не келсе соны істейді. Ауыр жүк арқалауға батылдық ете алмайды. Қателік өткізіп алса сылтау іздеп, басқаның мүддесін құрбандыққа шалып, өзін қорғаштайды. Басқалардың жоспарымен санаспайды. Өзінікін жөн санайды. Басқалармен тек пайда алу үшін ғана араласады. Бар үмітін өзінің жазмышына, бағына байлап қояды. Тағдырдың жазуына сеніп қарап отырады. Білермендікке салынып, өзінің шешім шығару қабілетін жояды. Істің кері жағын көп ойлап, барлық істі оңына баспайды деп қарайды. Соққыға қарсылық қуаты әлсіз. Сәтсіздікті көтере алмайды. Жаман әдеттері күн өткен сайын көбейе береді. Өз сертіне тұрлаусыз, сөзінде мән-мағына болмайды. Жұмыста тығырыққа тірелмейінше алакөл асығынан келмейді. Газет-журнал, ғаламтор парақшаларын қарамайды. Басқалардың алдында жалған намысын қорғағыш келеді. Егер пайда табу ісіне бетпе-бет келсе өнер-білімнен жұрдай болуға риза пейілде. Бірер істі бастар-бастамас бұрын сәтсіздікке ұшырап қалам ба деп құр уайымға салынумен болады. Не іс болса да талас-тартысқа дайын, ақылмен ойлауға шорқақ болады. Өз даралығын танымайды. Өрістің ар жағында өріс болатынын сезбейді. Қашан да көрермен болғысы келеді. Өзіне шабыт сыйламайды. Жастық шағын өтпейтіндей көреді де, оны өлеусіреген шам сияқты жарығы жоқ деп ойлайды.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: qncye.com