Сынақтан сүрінбей өту үшін...(байқау)

ҰБТ... Үлкен сынақ, үлкен жауапкершілік. Сенің 11 жыл бойы оқыған білімін сыналатын сәт. Осы үлкен сында жоғары жетістікке жету үшін дайындықты қазірден бастау керек...

ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу керек? 

1.Қайталау.

Мен өткен материалдарды қайталауды бастағаным туралы алдыңғы блогтарымда жазған болатынмын. Қазір 7-сынып физика оқулығын толығымен қайталап оқып шықтым. Керек формулалар мен ережелерді жаттап, оларды тірек сызба, конспект қылып жазып алдым. Енді 8-сынып оқулығын қайталауды бастап кеттім. Бұл оқулықта физикалық ұғымдар, заңдар жалпылама қаралатындықтан, әрі өткен материал болғандықтан қайталау аса қиынға түспейді деп ойлаймын.

Бір рет оқып қоя салған материал тез ұмытылып қалады. Сондықтан оқыған материалдарымды 10-20 минуттан кейін тағы бір рет оқып шығамын. Және есте қалғанды жазып, түрлі сызбалар арқылы бейнелеуде пайдалы.

2. ҰБТ тестілерімен дайындалу.

Алдымен «Талапкер» тест жинағын орындадым. Әзірге көрсеткішім жаман емес. 25 сұрақтың 18,19-ына дұрыс жауап бердім. Бірақ үздік нәтежие көрсету үшін әлі де дайындалу керек.

 

Сынақ кітапшалары немесе интернет сайттарындағы тестілерді орындау. Бұл өз біліміңіздің қандай екенін көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Интернет сайттарындағы тесттерге келетін болсам, интернет арқылы физика пәнінен онлайн тест тапсырдым. Нәтежиесі 18 балл, 4-жақсы.

 

3.Қатемен жұмыс.

Әрбір тест тапсырғаннан кейін, білмеген сұрақтарымды қарап, қатемен жұмыс жасаймын. Қате сұрақтарымды талдап, сол тақырыптарды қайта толықтырып оқып отырамын.

 4.Уақыт.

Әр дайындыққа уақыт бөлу қажет.  Дайындық кезінде есте сақтау қабілеті жақсаратын мезгілді де ескергеніміз жөн. Таңертеңгі сағат 8-12 арасында адамның материалдарды меңгеру мүмкіндіктері артады. Өзім де осы мезгілде дайындаламын. Бұдан кейінгі жақсы мезгіл – сағат 17-19 арасы. Бұл кезде негізінен уақытымды қайталауға бөлемін. Яғни, оқыған материалдарымды қайталап отыруға тырысамын.  

Алдағы уақытта тек физика емес, қалған пәндерден де қалай дайындалып жатырғандығым туралы бөлісетін боламын.



Бөлісу: